Алға қаласы

 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Іс - шаралар

2020 жылдың 22 ақпан күні Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  "Абайды білмек керек, ойлы жасқа" жоспары аясында "Абайдың асыл мұралары"тақырыбында аудандық жас мамандар сайысы болып өтті. Сайыста өз бақтарын сынаған №3 Алға қазақ орта мектебінің "Бес асыл" тобы жүлделі І орынды иеленді. Жас мамандарды жеңістерімен құттықтаймыз!!!



  

  

2020 жылдың 21 ақпан күні  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін Алға ауданф әкімінің жүлдесі үшін Алға ауданынындағы мекемелер мен ұйым қызметкеркерлері арасында ұйымдастырылған аудандық спартакиадасында Үстел теннисі спорт  түрі бойынша №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы ІІ орынды орынды иеленді. Спортшыларымызды құттықтаймыз!!!




2020 жылдың 20 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 11 "Б" класс оқушысы Силиханова Жансая Республикалық  "Ақберен" байқауының облыстық кезеңінде қатысып, шығарма жазу бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Изтлеуова Г.Б.



  

2020 жылдың 20 ақпан күні "Өзін-өзі" тану пәні юойынша өткен Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Мизанова А.А.



 

2020 жылдың 20 ақпан күні "Өрлеу" БАҰО ПҚБАЙ және 'Kazrobotics'  Ақтөбе облысы филиалының ұйымдастыруымен өткізілген "3D модельдеу-болашақ инженерия" атты облыстық жобалар байқауында №3 Алға қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Казбаганбетова Мейрагул Асылханқызы қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, "Зәру" шипажайында демалу үшін жолдамаға ие болды.

  

2020 жылдың 18 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің түлегі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің "Муздрама" бөлімінде білім алып жатқан шәкіртіміз Шыңғыс Тельманов  Ақтөбе қаласындағы  Т.Ахтанов атындағы театрда "Қозы көрпеш-Баян сұлу" драмасында басты рөлді, Қозы Көрпеш рөлін сомдады. Қойылымның әсерлі болғаны соншалықты халық орнынан тік тұрып, үлкен қошемет көрсетті. Шыңғыстың алғашқы сахналық қойылымына келген көрермендер қатарында мектепте білім нәрімен сусындатқан ұстаздары, мектеп басшысы, әкімшілік тобы мен ұжым орын алып,Шыңғысқа қолдау білдірді.Шыңғыстың анасы Гүлназия  Сапарқызыда осы мектептің ұлағатты ұстазы. Шыңғысқа өнер  жолында жалынды шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!!!

  

2020 жылдың 17 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің бекітілген жоспарына сәйкес 7 "Б" класс оқушыларымен "Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Өткізген: биология пәні мұғалімі Тлеушева Жазира.

  

2020 жылдың 17 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 4 "Б" класс оқушысы Орынбасаров Әли Ақтөбе қаласында өткен Бүлдіршіндер мен мектеп  оқушылары арасынды ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен вокал жанры бойынша өнер көрсетіп бас жүлдеге ие болды. Дипломмен марапатталды. Али "Атадан мұра " қорының Республикалық байқауының суперфиналына жолдама жеңіп алды. Сонымен қатар, шет мемлекеттерде өтетін байқауға жолдама алып, қордың атынан сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Г.Сағылғанова. Құттықтаймыз!

    

2019 жылдың 9 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде облыстық, республикалық спорттық жарыстарды және өнерде жетістікке жеткен оқушыларды мектеп оқушыларына үлгі ету мақсатында жиын жасап, мадақтамалары табысталды. Мектеп мақтаныштарын жетістіктерімен құттықтаймыз!!!








2019 жылдың 10 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 9 класс оқушылары арасында
"9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн" аясында бірыңғай "Адалдық сағаты"өткізілді.


          


2019 жылдың 7 желтоқсан күні Алға аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, Ақтөбе қаласына 150 жыл, "І.Мәмбетовтың туғанына 90 жыл" және "Жастар жылы" аясында көркемөнерпаздар ұжымының қалалық байқауында №3 Алға қазақ орта мектебі ұжымы да өз бақтарын сынады.










2019 жылдың 5 желтоқсанында №3 Алға қазақ орта мектебі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды. Олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз.



2019 жылдың 30 желтоқсан күні "1-Желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне" арналған 2007-2008-2009 жылдарда туылған жасөспірім қыздар мен жасөспірімдер арасында өткен аудандық тенистен №3 Алға қазақ орта мектебінің 5"В" класс оқушысы Дошимова Малика І-орын, 6 "Б" оқушысы Қаблашев Мерейхан ІІ орын, 5 "Б" класс оқушысы Сеильхан Тамирлан ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!








"1 - желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне" арналған мұғалімдер арасында өткен волейболдан аудандық турнирде №3 Алға қазақ орта мектемінің командасы жүлделі І - орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын! 





2019 жылдың 29 қараша күні Тұңғыш Президент - Елбасының орта білім берудегі ең басты жетістігімізге көзқарасын түсіндіру, Елбасының еңбек жолын оқушыларға таныстыру арқылы  олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгіштікке баулу мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде Алға қаласының әкімі Н.И.Сурбаевтың қатытуымен "Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында ашық тәрбие сабағы өткізілді. Қала әкімі білімге қол созғандардың қашанда бүгіні жарық, болашағы жарқын болатынын айта отырып, оқушыларға сәттілік







№3 Алға қазақ орта мектебінде "1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" күніне орай 5 класс оқушылары арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.









2019 жылдың 29 қараша күні Тұңғыш Президент -  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Осы орайда Тұңғыш Президенттің жетістіктерін, шығармаларын оқушыларға таныстыру мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде "Елбасы күні-елдікке құрмет" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.










2019 жылдың 22 қараша күні Алға аудандық әкімдігі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Ханзада мен Ханшайым-2019" аудандық жастар байқауында өзіндік ерекше қабілетімен, жарасымды қылығымен көрермендер көзайымына айналған №3 Алға қазақ орта мектебінің 10"Ә" класс оқушылары Рысбаев Мейірбек пен Құдайбергенова Қарақат "Бас жүлдеге" ие болып, дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!





2019 жылдың 22 қараша күні серіктес мектептер арасында іс-тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде "Интербелсенді оқыту-білім үйренудің негізі" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға Тоқмансай орта, негізгі және Есет батыр атындағы мектептің бастауыш класс мұғалімдері қатысып, оқушылар үшін тақырыпты игерудің "кілті" болатын интербелсенді әдістерді іріктеу жолдары, оның маңызы жөнінде тәжірибе алмасты.






2019 жылдың 20 қараша күні №3 Алға қазақ орта мектебінің базасында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында "Парасатты отбасы" байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға №3 Алға қазақ орта мектебінің Нұғмановтар отбасы қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. 

                     

                     


  Бүгін 20.11.2019ж. №3 Алға қазақ орта мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету түрін жақсарту барысында жауапты мамандармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Заңында көрсетілген талаптарды сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша БАҚ -да, интернет ресурстарда мәлімет беруді, тиімді ұйымдастыру мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
                                              

                                             

                                                                                               
27 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының Өнер орталығында облыс әкімінің "Ұстазым ақылшы дос, ой арманым" атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шарада №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанабекова Нұржамал Куановна және бастауыш класс мұғалімі Арқабаева Айтуған Амангалиевна 100 000 (жүз мың теңге) көлемінде сыйақыға ие болды. 
                                                

                                              
2019 жылдың 26 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Адал жол - честный путь" марафон эстафетасы аясында "Адал еңбек - бәрін жеңбек" ұранымен 10-11 кластар арсында баскетболдан сайыс өткізілді. Өткізген спорт нұсқаушысы: Абдирова Н.
                                                                     
                                            
                                                                     

                                                                       
Ақтөбе қаласында өткен Республикалық Әлеуметтік "Birinshi Jastar Oindary" жобасының іріктеу кезеңіне жеңіл атлетикадан 11 "А" класс оқушысы Чингисханова Мөлдір қатысып, ІІІ орынға ие болды. Спорт нұсқаушысы: Кубенова Г. 
                                                                       
                         
                                                                      
Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек күндері №3 Алға қазақ орта мектебінде 1-11 кластарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында баяндама оқылып, дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, Алға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
                                   
Бүгін, 2019 жылдың 16 қыркүйек күні "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтудан "Qazag Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы Ақтөбе облысының Алға қаласында өтті. Алға ауданы бойынша жүлделі І орынды №3 Алға қазақ орта мектебінің 10 "Ә" класс оқушысы Бекенов Мұрағат иеленді. Жеңімпазға І дәрежелі диплом мен 150 000 теңге сертификаты берілді.
                                                                                  Жетекшісі: Қойшығулова Бақтыгүл. 
                             
                                                                                 
2019 жылдың 12 қыркүйегінде №3 Алға қазақ орта мектебінде "Денсаулық сандарына жет!" ұранымен бастау алған "Денсаулық фестивалі-2019" аясында 4 "Ә" класында "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Пән мұғалімі: Л.Наурыз
                                 

 11 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Отбасы бақыт мекені" республикалық апталық аясында 3 класс оқушыларының ата-аналарымен "Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы өткізілді.
    
    
Бүгін, яғни 2019 жылдың 11 қыркүйегінде №3 Алға қазақ орта мектебінде жалпыұлттық "Денсаулық фестивалі-2019" салауатты өмірсалтын насихаттауға бағытталған "Дені саудың рухы сау" ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырылды. @algaakimat  @algaroo
                      
                                                    
Ағымдағы жылдыңі 10 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Қамқоршылық  кеңесінің отырысы өтті.Күн тәртібінде: 2019-2020 оқу жылына жөндеу жұмыстары туралы мәліметі; 2019-2020 оқу жылы бойынша мектеп контингенті; "Мектепке жол" акциясы, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмек туралы мәліметі бойынша мәселелер қаралып,Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланып,бекітілді.
                       
10 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған "Қазақстан-2050" стратегиясына," Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы "2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес ҚР азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету мақсатында 9-11 класс оқушыларымен" Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына арналған жалпы қазақстандық ашық диктант жазу ұйымдастырылды.
 
6-14 қыркүйек аралығында "Отбасы-бақыт мекені" республикалық апталық шеңберінде "Мен және менің отбасым" тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.
                            
ҚР Отбасы күніне арналған "Әкем,шешем және мен" аудандық отбасылық сайысқа №3 Алға қазақ орта мектебінен "Қасымовтар отбасы" қатысып, жүлделі III орынға ие болды.Құттықтаймыз.
                          
                        
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің осы лауазымдағы алғашқы Жолдауын асыға күткеніміз рас.Себебі ел ішіндегі әртүрлі қоғамдық пікірлер осындай жағдайға алып келді.Қордаланған мәселе де көп.Соның ішінде халықтың жағдайы төмендеуі, қымбатшылықтың қыспаққа алынуының, жемқорлықтың бір шешімін табатын уақыт әлдеқашан келген.Бүгінгі Жолдауда Президенттің елдегі қалыстапқан жағдайға дұрыс баға бергенін, күрделі мәселені шешуді қолға бергенін, күрделі мәселені шешуді қолға алғанына көзім жетіп отыр.Әрбір қадамына сын таға бермей, жасап жатырған жұмыстарына қолдау көрсеткен дұрыс деп ойлаймын.Тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Нұрлан Шындаулет.
                           
Алға аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция қызметкерлерімен республикалық "Абайлаңыз,балалар" акциясы айсында №3 Алға қазақ орта мектебінде жол апаттарын болдырмау үшін" Жол ережесін білейік" тақырыбында дәріс өткізілді.
                           
Бүгін 02.09.2019 жылы №3 Алға қазақ орта мектебінде 7-кластар арасында бүкіл Республика көлемінде "Адалдық сағаттары" өткізілді.Білім күнінің алғашқы сабағына №3 Алға қазақ орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің төреғасы Жеңіс Қонжарұлы, мектеп директоры Хакйтбаев Талғат Орынбайұлы ,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова Рита Жасанқызы қатысты.Ұйымдастырған: 7-класс жетекшілері: М.Қазмаганбетова, Ж.Алибекова , С.Имова, М.Оразымбетова.
                          
2 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде өскелең ұрпақ бойында адалдық және парасаттылық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында "Адалдық сағаттары"өткізілді.
                           
 29 тамыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 30тамыз-Конституция күні қарсаңында "Заңды білу-заман талабы" тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.
                               
                               
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялауына орай жастардың белсендігін, ынты-жігерн арттырып, білімі мен кәсіби қабілеттілігін шыңдау бағытында ауданда атқарылып жатқан бірқатар шараларда белсенділік танытқаны үшін №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Г.Куленкеев аудан әкімінің атынан" Алғыс хатпен" марапатталды.Құттықтау
                                 
2019 жылдың 26 маусым күні жастар жылына орай "Жасдәурен-2019" фестивалінде №3 Алға қазақ орта мектебінің 7 "Алтын белгі" мен 3 "Үздік аттестат" иегерінің ата-аналарына аудан әкімдігі атынан "Алғыс хатпен"марапаттап, түлектерге естелік сыйлықтар табысталды.
                            
                                
21 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдаурен" мектеп жанындағы алаңының жоспарына сәйкес "Лагерь ханзадасы мен ханшайымы" байқауы өткізілді.Қатысушылар 3 кезең бойынша Мырзаш Хақназар мен Талап Мағлұмат "Лагерь ханзадасы мен ханшайымы" атанды.
                                
19 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдаурен" мектеп жанындағы алаңының жоспарына сәйкес музыка үйірмесінің жетекшісі М.Б.Адилова ұйымдастыруымен "Street dance" би жарысы өткізілді.
                                 
                                
Ақтау қаласында SPARK зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен ашық аймақтық "Fast Oral Count" жарысының қорытындысы бойынша №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Кубенова Фариза жүлделі 1 орынға ие болды.Құттықтаймыз.
                                 
                                 
18 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдаурен" мектеп жанындағы алаң оқушылары І.Мәмбетов атындағы кітапханаға кітап қорымен танысып, кітап күту ережесі туралы қызықты мәліметтермен танысты.
                                
                                
17 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдаурен" мектеп жанындағы алаңының оқушылары Алға өнер мектебіне саяхатқа барып, өнер әлемі туралы мәліметтер алды.
                                
№3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдәурен" мектеп жанындағы алаңының оқушылары табиғат аясына саяхатқа шығып, таза ауада демалып, түрлі ойындар ойнап, тамаша көңіл күй мен әсер алды.
                             
№ 3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдәурен" мектеп жанындағы алаңының жоспарына сәйкес "Екі жұлдыз" ән байқауы өткізілді.Қатысушылар өнерлерін көрсетіп, әртүрлі номинацияларымен марапатталады.
                                
                                     
№3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдәурен" мектеп жанындағы алаңының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Л.Курманалшина мен К.Өміровтың ұйымдастыруымен "Көңілді мәре" спорттық жарысы өткізілді.Жарысқа 5 топ 4 кезең бойынша сынға түсіп, белсенділік танытты.
                              
12 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Болашақ-жастардікі" тақырыбында 11 класс бітіруші оқушыларға аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді.2018-2019 оқу жылында 59 оқушы мектеп аяқтап, "Алтын белгіге-7 оқушы үміткер, "Үздік аттестатқа"-3 оқушы үміткер. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Т.О.Хайтбаев түлектерге сәттілік тілеп,ата-аналар мен оқушыларға лебізін білдірді.
                                  
                             
7 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Балдәурен" мектеп жанындағы алаңының оқушылары Алға аудандық өлкетану мұражайында экскурцияға барып, тарихи жәдігерлерді тамашалап, аудан тарихы туралы мәліметтермен танысты.
                            
                                 
 5 маусым күні №3 Алға қазақ орта мектебінде " Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде" Біз бақытты баламыз тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
                                             

"Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірбиелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Республикалық "Алтын қазына" көрме-байқауының облыстық кезеңіне қатысып, шығармашылық қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсеткен №  3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Жетекшісі: Кемалов Е.

Алматы қаласында өткен "Таэкводо" ашық чемпионатында № 3 Алға қазақ орта мектебінің 3 класс оқушысы Құрманғалиев Мұхаммеджан жүлделі 1 орынға ие болды.


Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3 маусым күні № 3 Алға қазақ орта мектебінде "Балдаурен" мектеп жанындағы алаңының салтанатты ашылуы өтті.Жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу үшін алаңда би, ән, қолөнер, робототехника, тілдік үйірмелер, спорт сексиялары кестеге сәйкес жұмыс жасайды.

1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай № 3 Алға қазақ орта мектеп оқушылары да Балалар мен Жастардан құралған музыкалық оркестрлер мен ансамбльдер шеруіне қатысты

Ағымдағы жылдың 29 күні өткен аудандық білім бөлімінің кеңесінде оқу жылының қорытындысы бойынша № 3 Алға қазақ орта мектебінің басшысы Талғат Орынбайұлы Хайтбаев ұжымның ұйымшылдығы мен шығармашылық жетістіктері үшін облыстық білім бөлімінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Bilge Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығы ұйымдастырылған Bilgen Baige  пәндік олимпиадасына қатысқан № 3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Құттықтаймыз.

25-мамыр № 3 Алға қазақ орта мектебінде "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті.Жиын қонағы Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Тулеуов Марат Шамшадинұлы мектеп бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәт-сапар тіледі.Ақ дол саған Жас түлек.

BILGE Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығы ұйымдастырылған Bilgen Baige пәндік олимпиадасына қатысқан  №  3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, 1-алтын алқамен марапатталды.3-орын орын алған алған оқушылар диплом және қола алқа иеленді.

Бүгін 22-мамыр күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Қош бол, бастауышым" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі болды.Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып,бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қостаса отырып, өз-өнерлерін көрсетті.Еліміздің абыройын асқақтататын үлкен азамат болып өсе берсін.Құтты болсын.

15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай № 3 Алға қазақ орта мектебінде "Отбасы-тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа ата-аналар қатысты

"Ақтөбе қаласының 150 жылдығына" ұйымдастырылған Облыстық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының бастамасымен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту және балалар қозғалысын қолдау мақсатында өткізілген облыстық "Жайдарлы Жас Ұлан" көңілді тапқырлар ойынында ерекше көзге түсіп, талантымен тәнті еткен Алға ауданы № 3 Алға қазақ орта мектебінің "Оригинал" командасы III дәрежелі дипломмен марапатталады.Құттықтаймыз.

Бүгін қасиетті де қастерлі мереке-Ұлы Жеңіс күні.Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн.Бұл-аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.№ 3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы мерекелік шарада...

№ 3 Алға қазақ орта мектебінде "7 мамыр-Отан қорғаушылар күні"қарсаңында тарихты терең бағалай отырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында класс сағаттары өткізілді.Оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы мен әскери өмірдің ерекшеліктері туралы мәлімет берілді.

2019 жылдың 6 мамыр күні бастауыш кластар аралығында өткен Халықаралық "Пони" "Ұлы тілтану елінде" байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлер Дипломдарымен марапатталды.Бұл байқау балалардың білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыра түсті.Ұзтаздық қызметеріңізде жаңа жеңістер мен барлық істеріңізге сәттіліктер тілейміз.

№ 3 Алға қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық класс мұғалімі Э.О. Қалилина Республикалық педагог мамандар арасында өткен "Үздік ашық сабақ" байқауында қатысып 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылдың 6 мамырында "Талапты, талантты жастар" порталының қолдауымен ұйымдастырылған Республикалық шығармашылық байқауында мектепалды даярлық класс оқушылары үздік деп танылды.Асқарова Наргиза, Кашкимбаев Ерхан, Сағындық Мадина, Нұрлан Жансая, Ғарифулла Кәусар 1-ші орын алды.

2019 жылдың 04 мамыр күні " Жастар жылы" және "9 мамыр-Жеңіс күніне" арналған аудандық жеңіл атлетикадан өткен жарыста № 3 Алға қазақ орта мектебінің ұзтаздары мен оқушылары жүгіруден жүлдеді I,II,III орындарға ие болып, марапатталды.Құттықтаймыз.

ҚР Тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері " Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР-ға корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекманов атындағы 1 Республикалық "Қазақстан тарихы" пәні олиспиадасында 50ден астам оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Оқушылардың белсенділік танынып, үздік нәтиже көрсеткені үшін "Үздік Ұжым" номинациясымен марапатталды.Құттықтаймыз.

ҚР Тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы , профессор, Қаз КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов атындағы 1 Республикалық "Қазақстан тарихы" пәні олимпиадасында оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, тарих пәнін жоғары деңгейде меңгерткені үшін "ҮЗДІК ТАРИХШЫ ҰСТАЗ" номинациясымен Куңленкеев Жанболат Галымбекұлы және Құламанова Жадыра Дүйсенбаевна марапатталды. Құттықтаймыз.

Бүгін 03 мамыр күні № 3 Алға қазақ орта мектебінде 7 мамыр мерекесіне орай "Жігіт сұлтаны-2019" байқауы өткізілді. Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді,білімді сыртқа шығару. Оқушыны сахнада өзін мәдениетті ұстауға үйрету.Өзара мәдениетті сөйлесуге баулу мақсатында. Сайысқа 8-10 кластар бойц\ынша ұлдарымыз қатысып, байқау қорытындысы бойынша 10"Ә" класс оқушысы Касен Салман " Жігіт сұлтаны-2019" атанды.Қалған ұлдарымыз әр түрлі номинациялармен маратталды.Құттықтаймыз.

Алға аудандық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 сәуір күні ауданымыздың мектептері арасында "Ең үздік мектеп сайты" атты конкурс өткізілді.Конкурс шарты бойынша мектеп сайтының талапқа сай безендірілуі, мәліметтердің толықтығы сияқты бірнеше критерийлер бойынша бағаланды.Нәтижесінде "Ең үздік мектеп сайты" атты номинациясы № 3 Алға қазақ орта мектебі иеленді.Құттықтаймыз.Мектебіміздің мерейі үстем болсын.

2019 жылдың 30 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өткен " Ұлы даланың руханияты-ұлт болашығының негізі" аймақтық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында № 3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері Ізтілеу Айдынбек және Шындаулет Нұрлан қатысты. Үздік баяндамасы үшін Шындаулет Нұрлан " Дәйектілігі мен нақтылығы" номинациясына ие болды.Ізтлеу Айдынбек жүлделі орындармен марапатталды.

Мектепалды даярлық класында "Не үйрендім?" ,"Не білдім?" тақырыбында ашық сабақ өтті.Жетекшісі: Ұ.М.Дилметова

30 сәуір күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды " Жастар жылы" деп жариялануына байланысты ұйымдастырылған Волейболдвн аудандық турнирде № 3 Алға қазақ орта мектебі жүлделі 2 орынға ие болды.

30 сәуір күні № 3 Алға қазақ орта мектебінің базасында Елбасының 2019 жылды" Жастар жылы" деп жариялауына байланысты Аудандық жастар ресурстық орталығымен Алға аудандық білім беру қызметкерлерінің және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнирдің ашылуы салтанатты түрде өтті.Турнирге 9команда қатысты.

  30 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде-"1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі" мерекесі қарсаңында "Ынтымақ-достық кепілі" тақырыбында ұлттар фестивалі ұйымдастырылды.1 ауысымдаөткен фестивальға 5-7 класс оқушылары қатысып, әр түрлі ұлттардың ұлттық мәдени ерекшеліктерімен таныстырылды.Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсінігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.

27  сәуір күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің  ұйымдастыруымен өткізілген " Ғылымдар фестивалі-2019" IV облыстық ғылыми жобалар байқауынан №3 Алға қазақ орта мектебінің 8 класс оқушысы Куанышева Жұлдыз 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: химия-биология пәні Ж.Т.Лукпанова.Құттықтаймыз.

№3 Алға қазақ орта мектебінде 26  сәуір күні бастауыш бірлестігінің "Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!" атты дүниетану апталығының жоспарына сәйкес "Көктем келді құлпырып" атты 1 "В" класс оқушыларының арасында мектеп кітапханасында көркем сөз оқу шеберлерінің мәнерлеп оқудан сайысы өтті. Өткізген: Ғ.Жанаш

   

№3 Алға қазақ орта мектебінде 25  сәуір күні бастауыш бірлестігінің "Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!" атты дүниетану апталығының жоспарына сәйкес "Әз Көктем,аяулымсың армандаған" атты 2 класс оқушыларының арасында мектеп кітапханасында көркем сөз оқу шеберлерінің мәнерлеп оқудан сайысы өтті. Өткізген: Ғ.Жанаш

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! 
Құрметті №3 Алға қазақ орта мектебінің түлектері! Сіздерді 2019 жылдың 18 мамыр күні "Туған жер" бағдарламасы аясында өткізгелі отырған "ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫНА" қатысуға шақырамыз! Мақсатымыз - бүгінгі ұрпаққа сіздердің өмірлеріңіз бен еңбек жолдарыңызды үлгі ете отырып, мектебіміздің "Алтын әріппен" жазылған тарихын сіздермен бірге жазсақ дейміз. Форум ұйымдастырушылары барлық түлектерді мектеп бітіргендеріңіздің "10 жылдығы", "20 жылдығы" деп қана бас қоспай үнемі бір-біріңізбен байланыста болуға шақырады. Біз барлық мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне және барлық түлектерге, сонымен бірге мектепке нақты іспен қолдау көрсеткісі келетін барлық ардақты азаматтарға үндеу тастаймыз және үндеуді қолдайды деп сенім білдіреміз. 
Ізгі тілекпен: №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы.



№3 Алға қазақ орта мектебінде 2019 жылдың 24 сәуірі күні Жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында оқушыларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында "Қанатты достарды қарсы алайық" атты іс-шара өткізілді. 5-6 класс оқушылары ұя жасап әкеліп белсенділік танытты.  Жетекшілері: Ж.Лукпанова мен Ж.Тлеушова

21.04.2019 жылы №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ақтөбе - адалдық алаңы" тақырыбында класс сағаттары өткізілді. Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен  күресудің күрделі мәселелері және сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері туралы түсінік берілді.

    

18.04.2019 жылы №3 Алға қазақ орта мектебінде "I am talent" тақырыбында  5-6 кластар арасында аудандық байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындар мен Алғыс хаттарға ие болды.



18.04.2019 жылы №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.



№3 Алға қазақ орта мектебінде 16.04.2019 жылы Жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында мектептің биология пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Лукпанова, А.Б.Капашева 5-7 класс оқушыларына "Бөлме жағдайында көшет өсіру және баптап күту" тақырыбында көкөніс дақылдарын отырғызып үйрену, баптап күту дағдыларын меңгертіп, оқушылардың алған білімдерін практикамен ұштастырып, сарамандық жұмыстар жүргізді.


16.04.2019 жылы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны" тақырыбында Алға музейінің ұйымдастыруымен өткізілген көрмеге  №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары: 7 класс оқушысы Сагидуллаева Сабина, 9 класс оқушылары Амангелдина Асемгүл, Мырзашова Бибробия, Ұлықпанова Даметкен мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Бекет Гүлшат


16.04.2019 ж "Жаратылыстану құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану пәндерінің онкүндігі ашылды.


№3 Алға қазақ орта мектебінде 2019 жылдың 13 сәуір күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.Өміровтың ұйымдастыруымен 5 кластар арасында "Былғары доп" жарысы өткізілді.


№3 Алға қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нугманова Ғалия Зейнулдиновна "Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2019" аудандық байқауына белсене қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!


12.04.2019 ж №3 Алға қазақ орта мектебінде Жастар ресурстық орталығы жанындағы "Дебат" клубының ұйымдастыруымен "Дебат-сабақтан тыс білім берудің иновациялық негізі" тақырыбында аудандық дебат ойындарының алғашқы семинар тренингі өтті. Семинарға Ақтөбе қаласынан дебат ойындарының ұйымдастырушысы , жас маман Жанкабаев Ержан арнайы келіп семинар сағаттарын өткізді.  

   

Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар өткізілді. Күн тәртібінде: 1. "2018-2019 оқу жылының ІІІ тоқсан қорытындысы"

2. "Жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"

3. 2018-2019 оқу жылында әлеуметтік саласы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі

4. Ағымдағы мәселелер. 

Жиналысқа алға аудандық "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" орталығының басшысы Разақов Нұрмахаммед  және алға аудандық мешітінің бас имамы Абдурасулов Абдуахит қатысып, өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, кертартпалық діни ағымдарға тосқауыл жасай білетін, білімді, сауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу - басты  міндет екенін айтты. 




12.04.2019 ж №3 Алға қазақ орта мектебінің 6 класс оқушылары "12 сәуір - Ғарышкерлер күні" мерекесіне орай В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебіндегі В.И.Пацаевтың оқыған класс бөлмесінде ашылған шағын мұражайын тамашалап, батыр ұшқыштың өмір жолы мен ерлігі туралы мәліметтер алды.


12.04.2019 ж №3 Алға қазақ орта мектебінде "12 сәуір-Ғарышкерлер күніне" арналған класс сағаттары өткізілді.

   


"12 сәуір - Ғарышкерлер күніне" орай бастауыш класс оқушылары шығармашылығынан...


12.04.2019 ж Республикалық "Sport FEST Kazakhstan" мектеп Спартакиадасы аясында өткен шахмат турнирінен №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Сансызбаев Нұрлыбек І орында иеленді. Спорт жетекшісі: Г.А.Кубенова

  


2019 жылдың 11 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 11 "А" класс оқушысы Көбегенова Шолпан  Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлдері ІІ орынға иеленді. 

Жетекшісі: Н.К.Жанабекова

   

№3 Алға қазақ орта мектебінің 2 "А" класына 2019 жылдың 10 сәуір күні "Дұрыс тамақтану пирамидасы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар дәрумендер туралы, адам ағзасына пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар туралы тақпақтар айтып, көріністер көрсетіп өз пікірлерімен бөлісті. 

Өткізген: А.З.Бисембаева

    


2019 жылдың 10 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобасы аясында мектеп психологтары А.И.Казбекова мен Ж.О.Суйнгарина "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" мәдениетті қалыптастыру мақсатында психологтар іс-шара өткізді.


2019 жылдың  9 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 4-8 класс оқушылары TIMSS - 2019 Халықаралық зерттеуіне қатысты. Халықаралық  TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларға қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты - математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

   


8 сәуір 2019 ж. "Жемқорлықсыз - адал өмір" тақырыбында қойылым

Бүгін, яғни 2019 жылдың 9 сәуірінде Қазақстанның әрбір азаматын ойландыратын үндеуі жарияланды. Қазақстандағы кезектен тыс өткізілетін президент сайлауы қоғамның саяси жүйесінің одан әрі жақсаруына жол ашатыны сөзсіз. Халықтың өз таңдауын жасауы негізінде ҚР-ның жарқын болашағы айқындалатынына сеніміміз мол. Сол себепті  бір кісідей дауыс беруге ат салысамыз. Өйткені бұл халқымыздың ынтымақтастығын, бейбітшілігін айқын көрсетіп тұрады. Жаңа дәуір, жаңа заманда "бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын" ғасырда ұлттың  ұлы мұратын ұлықтап, рухани жаңғыру аясында еліміздің жаңаруы жолында еңбектену, тәуекелге бел байлап, ұлы мақсаттар мен алға ұмтылу - біз сияқты қазақ жастарының басты міндеті.

Куленкеев Жанболат Ғалымбекұлы №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі


2019 жылдың 6 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде тазалық орнату мақсатында сенбілік өтті. Ұйымдасқан түрде өткен сенбілікте мектеп ұжымы ат салысып, мектеп ауласында тазарту жұмыстары жүргізілді.

   


5 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық пәнінің мұғалімі А.Ізтілеу 9-10 класс оқушыларымен "Жемқорлық - індет, жою - міндет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқушылар видеоролик көріп, өз ойларымен бөлісті. @aqtobe_adaldyq_alany


2019 жылдың 5  сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ақтөбе - адалдық алаңы"  жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 


2019 жылдың 5 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында "Денсаулық баршаға" ұранымен оқушылар мен мұғалімдер Республикалық таңғы жаттығу іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты салауатты ұлт қалыптастыру рухына тәрбиелеу.


Оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында  2 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 8-9 класс оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барып, бес бөлімнен тұратын мол мұраға толы сегіз залдағы құнды жәдігерлерді тамашалады.

    

Бүгін, 02 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 8-9 класс оқушылары Ақтөбе қаласына "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне барып, "Әйел даңқы", "Ана даңқы" залдары мен "Қыз өссе, елдің көркі" оқыту бағдарламасының арнайы жабдықталған бөлмелерімен танысты.

    


01.04.2019 жылы ҚР Кіші Ғылым Академиясының 23-ші Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына өз баяндамасын ұсынған №3 Алға қазақ орта мектебінің 10 класс оқушысы Каирбекқызы Адэля грамотамен марапатталды. Жетекшісі: К.Байбатыр. Құттықтаймыз!

   

2019 жылдың 1 сәуір күні Логопед, психолог, дефектолог және әлеуметтік педагог мамандарының арасында өткен аудандық "Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал" байқауына қатысып жүлделі І орынға ие болған №3 Алға қазақ орта мектебінің психологы Суингарина Жанаргул марапатталды. Жеңісің құтты болсын! 

  

2019 жылдың 1 сәуірі күні Республикалық "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жоғары дәрежеде кәсіби шеберлік көрсете білгені үшін №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері: бастауыш класс мұғалімдері- Муханова Дина мен Каренова Жұлдыз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Сегизбаева Гүлназ, тарих пәнінің мұғалімі - Шындаулет Нұрлан жүлделі ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!

    

№3 Алға қазақ орта мектебінде 2019 жылдың  1 сәуір күні  оқушылардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында 5 "Г" класс жетекшісі Ш.Б.Апуованың ұйымдастыруымен "Дәрумендердің пайдасы" туралы танымдық сабақ өткізілді.

     


№3 Алға қазақ орта мектебі өмірінен...

№3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуірі күні  3 "Б" класс жетекшісі А.О.Ахметова мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Е.Бекенованың ұйымдастыруымен "Көктемгі гүлдер" тақырыбында  шығармашылық сабақ өткізілді. Оқушылар өз қиялдарымен түрлі түсті қағаздарды пайдаланып, аппликациялар жасады. Белсеніп қатысқан оқушылар марапатталды.

     

2019 жылдың 30 наурыз күні өткен TALANTtar Alemi I Халықаралық фестиваль байқауында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары 7-8 жас аралығында - Ғабитов Бейбіт І орын, Данияр Айзере ІІ орын, 9-10 жас аралығында Орынбасаров Али І орын, Аман Назерке І орын, 12 жас аралығында Абдықалық Бекзат ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшілері: Г.С.Сағынғанова және З.А.Уразгулова. Шығармашылық табыстар тілейміз, Жас Жұлдыздар!!!

   

   

2019 жылдың 30 наурызы күнгі сенбілікте...

   

№3 Алға қазақ орта мектебінің базасында 2019 жылдың  29 наурызы күні "Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі-2019" аудандық байқауына белсене қатысып, шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін мектебіміздің өзін-өзі тану мұғалімі Алибекова Жазира Мырзағалиқызы  ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

            

№3 Алға қазақ орта мектебінде Алға аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 27 наурыз күні аудандық мектепалды даярлық класс тәрбиеленушілері арасында "Толағай" атты эстафеталық жарыс өткізілді.Онда №3 Алға қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобы || орынға ие болды.Жетекшісі:А.Д.Нуртуякова. Құттықтаймыз!

     

2019 жылдың 29 наурызы күні оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4"Б" класс жетекшісі Ж.С.Үдербаева оқушыларымен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Планетарий орталығына және Керуен Сити демалыс орталығына барып, демалыс күндерін  қызықты әрі пайдалы өткізді.

 

2019 жылдың 26 наурызында №3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың демалыс кезін тиімді пайдалану мақсатында 4-5 класс оқушылары арасында воллейболдан жарыс ұйымдастырылды. 

Пән мұғалімі: Д.Оразалин

   

2019 жылдың 19 наурыз күні бастауыш класс оқушылары ұйымдастырған  Наурыз- Думан мейрамының жарқын сәттерінен.

   


№3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары:Рысбаев Нұржан,Балғазин Тайр, Жантоллы Расул, Сағынай Мансұр, Бақытов Дамир,Сейсенбай Мейіржан,Орынжанов Құдірет,Сағидоллаев Мейіржан,Орынжанов Құдірет,Сағидоллаев Мейіржан Наурыз мерекесіне және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған волейболдан 2006-2008ж.т. жасөспірімдер арасында Алға БЖСМ біріншілігінде жүлделі || орынды иеленді.Құттықтаймыз!

   

2019 жылдың 19 наурыз күні  Ұлыстың ұлы күнінен 6 класс оқушыларының концерттік бағдарламасынан үзінділер.

     

2019 жылдың 18 наурыз күнгі Ұлыстың ұлы күнінен 8 класс оқушыларының концерттік бағдарламасынан үзінділер.

  


2019 жылдың 18 Наурыз күні Ұлыстың ұлы күнін тойлау мерекесіне орай 11 класс оқушыларының концерттік бағдарламасынан үзінділер.

     

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына және "Жастар жылына" орай ұйымдастырылған Аудан әкімінің жүлдесі үшін ауданымыздағы мекемелер мен ұйым қызметкерлері арасындағы спартакиададан жалпы командалық есепте №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы  жүлделі | орынды иеленді. Жетер жетістіктеріміз көп болсын, әріптестер! Мерейіміз үстем болсын!

                     

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып,Наурыз тойын тойлатыпЖаңа жыл келеді.Ендеше , той құтты болсын!Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын! Ұлы мереке тек жақсылық акелсін!@algaschool №3Алға қазақ орта мектебінің ұжымы. 2019 жыл, 21 наурыз

            

 2019 жылдың 15 наурызында №3 Алға қазақ орта мектебінде 9-класс оқушылары арасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында іс-шара өткізілді.Пән мұғалімі: Ізтілеу Айдынбек.

    

Бүгінгі Елбасының тарихи шешімі күтпеген жағдай болды. Тіпті қимастық сезімдемін. Өйткені еліміздің барлық жастары болашағымызды Елбасының сарабдал саясатымен, Елбасымен байланыстыратын едік.Үлкен бір толғаныста, тебіреністе тұрмын. Қазақстан халқы да үлкен толқу үстінде шығар деп ойлаймын.Себебі Елбасымыздың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған еңбегі өте зор. 30 жылдың ішінде Қазақстан Орта Азияның Көшбасшы еліне айналды.Еліміздің осындай тыныштықта, татулық та, бірлік пен берекеде өмір сүруі- Қазақ елінің тұңғыш Президентінің арқасы және ерен еңбегінің жемісі.Әр жылғы Жолдауларында Елбасымыз - жастарға ерекше көңіл бөліп,қамқорлық көрсетті.Биылғы жылды да "Жастар жылы" деп атауы да соның бір айғағы.Қазақ жастарының білімді болғанын,өркениетті елдердің терезесімен тең болуын қалаған, тіпті ата-бабамыз аяқ баспаған елдерге барып білім алғызған "Болашақ" бағдарламасының негізін қалаған да Елбасы.Ұлы даланың еркіндік алған тарихы да -Н.Ә.Назарбаевпен байланысты.Бабалар аманатын арқалап келген-Елбасымыз қандай құрметке  де лайық,Алғысымыз шексіз.Бабаларымыздың арманын орындаған- Елбасымызға құрмет көрсету біздің адамдық парызымыз деп білемін.Және де Елбасының салиқалы саясатын әрі қарай да жалғастыру, сенімін ақтау-біздің жастардың қолында.Бас иіп,Алғыс айта,Елбасымызға ұзақ өмір,мықты денсаулық тілейміз.Қазақ елі аман болып,жұртымыз тыныш болғай.

Алибекова Жазира Мырзагалиевна №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Республикалық балаларға арналған өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткен "Сұлу көктем" шығармашылық байқауына қатысып,№3 Алға орта мектебінің 1- класс оқушысы Орынбасар Ұлан || дәрежелі Дипломмен жетекшісі Муханова Дина Айжарыковна, 2-класс оқушылары Амангелді Ертай | дәрежелі, Орынбай Мөлдір || дәрежелі, Жұмағалиева Аружан ||| дәрежелі Дипломдармен марапатталды.Жетекшісі Бисенбаева Алтынгүл Зейновна. Өнерлі шәкірттеріңіз көп болсын!

Құттықтаймыз!

        

       

"Қош келдің, әз-наурыз!" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарынан үзінділер.

         

3 Алға қазақ орта мектебінде 14.03.19ж күні "Көктем шуағы" тақырыбындағы эстетика бірлестігінің онкүндігі аясында  ұйымдастырылған  "Армысың әз Наурыз"- атты Көрісу күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әсем ән мен тәтті күй келген қонақтар мен мектеп ұйымына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеште қонақтар мен ұстаздарға және оқушыларға ақ дастарқанынан наурыз көже ұсынылды.Мереке құтты болсын!

     

14- Наурыз күні "Көктем шуағы" атты эстетика бірлестігінің онкүндігі аясында "Ас- адамның арқауы" атты 10 кластар арасында шебер -класс өткізілді. Ұйымдастырушы технология пәнінің мұғалімі Бекет Гүлшат.

         

Бүгін 14- наурыз күні Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде "Көрісу күнін" №3 Алға қазақ орта мектебінің "Жас ұлан" балалар ұйымының ұйымдастыруымен атап өтілді.БАРША АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мейрам құтты болсын!!! Жаңа жылда баянды бақыт,мол несібе, ырыс-құт тілейміз!!

     

"2019 жыл - жастар жылы" аясында Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "ҮЗДІК ЖАС ТАРИХШЫ-2019" байқауына Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Куленкеев Жанболат Галымбек улы  қатысып, |||  ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды және  20 000  теңге сертификатқа ие болды. Құттықтаймыз!

        

11 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 10 класс оқушылары Аналар мерекесіне орай ұйымдастырған мерекелік концерті. Аналарға керемет көңіл-күй сыйлаған, жүздеріне нұр құйып, әсем ән мен тәтті күй тарту еткен оқушылар мен класс жетекшілеріне алғыс айтамыз.Мерейлеріңіз үстем болсын!

       

10 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы "Масленица" мерекесін тойлады.

    

6 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 7"А" класында ер балалардың және класс жетекшісі Әлия Бағдатқызының ұйымдастыруымен "Шын жүректен қабыл ал!" атты мерекелік іс-шара өтті.Жүректен шыққан ән-жыр мен құттықтауларға Аналар мен қыз балалар өте риза болды.Оқушылар аналарына мерекелік көңіл-күй сыйлап алғыстарын алды.

    

     

7 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 3"ә" класс оқушысы  Бақыт Нұрсерік 3 класс оқушыларының арасында өткен аудандық "now l know English" байқауында ||| орын иеленді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алимкулова Эльвира апай тілді жетік меңгерген Нұрсеріктей шәкірттеріңіз көп болсын!

      

7 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ашық есік" күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жанабекова 9 б класына Сұлтанмахмұт Торайғыров "Алаш ұраны"өлеңі тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді.

       

7 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Анама арнаймын".. атты балалардың қолдан жасаған бұйымдарының көрмесі өтті. Бастауыш класс оқушылары аналарына деген шын жүректен шыққан алғыстарын қолдан бұйымдар жасап көрсете білді.Аналар мерекелеріңіз құтты болсын!

      

7 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде эстетика бірлестігінің "Көктем шуағы" онкүндігі аясында 3 кластар арасында "Қазақ оркестрін ұйымдастырушы -Ахмет Жұбанов" тақырыбында музыка пәнінің мұғалімі З.А.Уразгулова сабақ өткізді.

        

"8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі" орай №3 Алға қазақ орта мектебінде бейнелеу өнеріпәнінің мұғалімі А.Е.Бекенованың ұйымдастыруымен "Менің аяулы анам" тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Оқушылар өз шығармашылығы мен қиялы арқылы аналарын бейнеледі.

7 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Қыз балаға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.Ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға жетелейтін білімді,тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз тәрбиелеу мақсатында кеш қонақтары өнегелі, тәлім-тәрбиеге толы әңгіме өрбітті.Қыз балалар ғибратты әңгімеден өздеріне керекті сұрақтарға жауап алды.

         

№3 Алға қазақ орта мектебінде 6 наурыз күні бастауыш кластар әдістемелік бірлестігінің "Дәстүр-салтым өлмеген, халқым ғой ол өрлеген" тақырыбындағы онкүндік аясында 2 кластар арасында "Әже -көңілдің ажары, немере -өмірдің базары" сайысы ұйымдастырылды.Сайыста әжелер мен немерелер ән шырқап, би билеп, қолөнер бұйымдарын  ұсынды.Сайыс қорытындысы бойынша әжелер "Бұлбұл әнші әже","Алтын оймақты шебер әже", "Мейірбан әже", және "Парасатты әже", номинацияларымен марапатталды.Ақ жаулықты әжелерді мерекемен құттықтай отырып, тағылымы зор шараға белсене қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!


6 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің базасында өткен "8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі" қарсаңында қала мектептері арасында волейбол ойынынан аудандық турнирде жүлделі 1 орынға №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы ие болды.Құттықтаймыз!

6 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінің базасында өткен "8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі" қарсаңында қала мектептері арасында дойбы ойынынан аудандық турнирде жүлделі 1 орынға №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы ие болды.Құттықтаймыз!


Математика онкүндігінде пән мұғалімі А.Б.Кулжанова 7"А" класында "Үшбұрыштар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мақсаты оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін көрсетіп қана қоймай,оқушыларды шығармашылыққа,өз бетімен ізденіске тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушылар тарау бойынша алған білімдерін көрсетіп қана қоймай,"құстар неге үшбұрыш болып ұшады?","үшбұрыш неге қатты фигура?","бермуд үшбұрышы деген не?" сұрақтарға жауап берді.Сабақ соңындағы кері байланыс үшбұрышты солдат хатына алынды.Алия Бағдатқызының сабағына тәжірибе алмасуға қатысқан әріптестері де өз ризашылықтарын білдірді.Бірлестік жетекшісі:Ғ.Улыкпанова.

       

№3 Алға қазақ орта мектебінде 5 наурыз күні бастауыш кластар бойынша "Дәстүр-салтым өлмеген,халқым ғой ол өрлеген" атты апталық аясында,"Салт-дәстүр асыл қазынам" тақырыбында 3 кластар арасында сайыс өткізілді.Салт-дәстүрлерге байланысты көріністер көрсетілді."Өнегелі көрініс","Шебер көрініс", "Үздік қойылым", "Шығармашылық көрініс","Өнерлі қойылым",номинацияларымен марапатталды.Ұйымдастырған бастауыш класс мұғалімі Г.Ж.Алпысбаева.

    

№3 Алға қазақ орта мектебінде "8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесі қарсаңында "Көктем аруы 2019" байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 5-7 класс аралығынан 9 оқушы қатысып,ару қыздар білімдері мен өнерлерін шебер көрсете білді.Байқау қорытындысы бойынша "Көктем аруы -2019" атауын 6"в" класс оқушысы Абдрахманова Айгерім иеленсе,қалған қатысушы қыздар номинациялармен марапатталды.Құттықтаймыз!

    

№3 Алға қазақ орта мектебінде 5 наурыз күні "Көктем шуағы" атты эстетика бірлестігінің онкүндігі аясында "Өнерді үйрен де жирен" тақырыбында 9 кластар аралығында шебер класс сабағы өткізілді.

     

5 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Нақты ғылым кілті бүгінде" атты математика бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті.Он күндік барысында 5-11 кластар аралығында аппликациядан сайыстар, қабырға газеттер сайысы,"Ең үздік дәптер" көрмесі,кластан тыс іс-шаралар, зерттеу жұмыстары, үзіліс кезінде математиеалық ойындар өткізілді.Онкүндік жабылуға арналған жиындар белсенділік көрсеткен кластар және жеңімпаз оқушылар марапатталды.

"Нақты ғылым дүние кілті бүгінде" атты онкүндік барысында математика пәнінің мұғалімі Кулжанова Алия Бағдатқызы 7 а,ә,б,в класс оқушылары арасында "Математика-ақыл ой гимнастикасы"тақырыбында класта іс-шара өткізді.5 турдан тұратын сайыста оқушылар математика әлемінде болып қайтты."Адасқан буындар", "Қас қағым сәт", "Қыңыр есептер","Кім көп термин табады" , "Тез санаймын" атты турлар бойынша оқушылар шапшаң,дәл жауап бере отырып командаға фишка жинады.Шара оқушылардың көңілінен шықты.7-кластар арасында өткізілген бұл іс-шара оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттырғаны сөзсіз.


4 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ашық есік " күні 3"Б"класына А.Ахметова қазақ тілі пәнінен "Болымды,болымсыз етістік"тақырыбында ашық сабақ өткізді.


№3 Алға қазақ орта мектебінде 4 наурыз күні "Көктем шуағы"атты эстетика бірлестігінің онкүндік іс-шарасының ашылуы болды.

2019 жылдың 4 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мактебінде Алға аудандық сотының бастамасымен салтанатты жағдайда медиация кабинеті ашылды. Шараға сот төрағасы Е.С.Мұратқан, мектеп директоры Т.О.Хайтбаев, ұстаздар мен оқушылар және Алға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Р.Кулмагамбетова, жетекші маман А.Жумашева қатысты. Сот төрағасы әр мекемеде медиация кабинеттерін ашудың басты мақсаты-адамдар арасындағы дау-жанжалды шешу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттары, сонымен қатар, Медиация кабинетінің ашылуы Мемлекет Басшысының "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарындағы тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты шараларының бірі болып табылатынын атап өтті.Сөз соңында сот төрағасы Е.СМұратқан мектеп директоры Т.О Хайтбаевқа медиатор кабинетінің ашылуына ықпал жасағаны үшін алғысын білдірді.

    

№3 Алға қазақ орта мектебінде 4 наурыз күні "8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай 1-класс оқушыларының аналары арасында "Ал,қанекей,аналар"сайысы өтті.Белсенділік танытып,сайысқа қатысқан аналарымызды мерекемен құттықтай отырып,алғыс білдіреміз.Өткізген НаурызЛ.Қ. Муханова Д.А.

№3 Алға қазақ орта мектебінде 2 наурыз күні республикалық Метроном журналының ұйымдастыруымен Үздік педагог-2019 атты кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты білім беру ұйымдарындағы дарынды педагогтарды анықтау,жаңашылдыққа баулу,өздерінің шығармашылық кәсіби мүмкіншіліктерін көрсетуге жағдай жасау болды.Байқауға аудан мектептерінен барлық пәндер және қосымша білім беру бағыттары бойынша 70-ке жуық мұғалім қатысып,өз шеберліктерін сынға алды.Байқау жеңімпаздарына Бас жүлде 1,2,3-орындар беріліп,кәсіби қызметтеріне қолдау көрсетілді.Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!


2019 жылдың 2 наурыз күні №3Алға қазақ орта мектебінде "Нақты ғылым дүние кілті бүгінде" тақырыбындағы математика апталығы аясында,математика пәнінің мұғалімі Г.С.Улыкпанова 10кластар арасында "Математика керемет әлем" атты кластан тыс шара өткізді.


2 наурыз күні №3Алға қазақ орта мектебінде "Нақты ғылым дүние кілті бүгінде" тақырыбындағы математика апталығы аясында,математика пәнінің мұғалімі Г.С.Улыкпанова Функцияның өсу және кему аралықтары тақырыбында 10А класына ашық сабақ өткізді.

2 наурыз  күні №3Алға қазақ орта мектебінің білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткізіп ауданымыздың намысын Облыс,Республика деңгейінде танытып,үздік нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің мерейлі ұстаздары:Асылисаева Кунзада Болатханқызы,Жанабекова Нуржамал Қуанқызы,Алманиязова Гүлімхан Қойшыбайқызы,Каирова Светлана Болатқызы,Қапашева Айжан Байрамбайқызы,Байбатыр Клара Рзағалиқызы,Тлеубаева Ақалма Маликқызы "Құрмет грамотасымен"марапатталды.Сонымен қатар жазғы каникул кезінде Бурабай қаласына 5 күндік туристік саяхатқа жолдама Жанабекова Нуржамал Қуанқызына және Қапашева Айжан Байрамбайқызына берілді.Құрметті ұстаздар,сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

    

    01.03.2019 жылы "1 наурыз Алғыс айту күніне" мектеп түлектерінің сәлемдемесі


№3 Алға қазақ орта мектебінде "1 Наурыз - Алғыс айту күні" мерекесіне орай "Жас ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен мектеп ұстаздарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында әсем әуенмен ризашылық білдіру сәттерінен...

 

 

№3Алға қазақ орта мектебінде 28ақпан күні "XXI ғасырдағы жастар бейнесі" тақырыбында мектепшілік дебат турнирі өтті. Ұйымдастырушы: Ж.Г.Куленкеев


№3Алға қазақ орта мектебінде 28ақпанда 11-сынып оқушыларына психологиялық "Талапкер-2019" аудандық жас түлектер аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау маңызды іс" тақырыбында Г.Баетова оқушыларына психологиялық тесттер арқылы қай салаға икемділігі бар екенін анықтады.


№3Алға қазақ орта мектебінде 26ақпан күні "Let is learn English together" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің онкүндігі аясында  "Mind and game" тақырыбында жас мамандармен өткізілген іс шара сәтінен...


Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына байланысты ұйымдастырылған 2007-2008.2009ж.т. және одан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыз балалар арасындағы Үстел теннисінен аудандық турнирде I орынға ие болған Дощимова Маликаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз


№3 Алға қазақ орта мектебінде 26 ақпан күні "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен 1 класс оқушыларының арасында "Озық ойлы оқушы" тақырыбында интелектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға 1"Ә" класс, 2 орынға 1"В" класс, 3 орынға 1"Б" класс оқушылары ие болды.


№3 Алға қазақ орта мектебінде 2019жылдың 26 ақпан күні "Нақты ғылым дүние кілті бүгінде" тақырыбындағы математика апталығы аясында, математика пәнінің мұғалімі Ш.Б.Апуова 5-кластар арасында "Жұлдызды сағат" атты математикалық сайыс өткізді.

 

№3 Алға қазақ орта мектебінде 22 ақпанда бастауыш класс мұғалімі Б.Т.Хайруллина 2"Б" класында "Математика патшалығы" атты тәрбие сағатын өткізді. 


№3Алға қазақ орта мектебінде 2019жылдың 20ақпан күні бастауыш класс мұғалімі Б.Т.Хайруллина 3 кластар арасында "Ертегілер елінде" тақырыбында математикалық ертегілерді сахналау шеберлік сабағын өткізді.

      

21 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш кластар арасында "Ғылымның жарық жұлдызы-математика" атты математика апталығы аясында "Өткенді бекіту" тақырыбында Г.О.Қалиева 2"В" класына ашық сабақ өткізді.

 

№3 Алға қазақ орта мектебінің хореография үйірмесінің 4-класс оқушылары  2019 жылдың 23 ақпан күні "Қазақстан Таланттары" атты халықаралық байқауында "Шашу" қазақ биімен өнер көрсетіп, "Арна" би тобы жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі Бегимбетова Гүлназия Тобышевна. Қатысқан әр оқушы диплом және медальдармен марапатталды. Жеңімпаз өнерпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


№3 Алға қазақ орта мектебінде 20.02.2019-04.03.2019 аралығында өтетін математика пәнінің "Нақты ғылым дүние кілті бүгінде" атты онкүндігінің ашылуы өтті. Осы іс-шара барысында онкүндік жоспары таныстырылып, оқушылар геометриялық фигуралар айтысын жасап, фугкциялар мен фигуралар билерін биледі. Фигураларға байланысты психологиялық  тренинг өткізілді. 

 

20.02.2019 жылы №3 Алға қазақ орта мектебінде Тәуелсіз еліміздің болашағын алға жетелейтін білімді, тәрбиелі, инабатты қыз бала тәрбиелеу мақсатында "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында әдемі дөңгелек үстел өткізілді.          Шараға ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, өмірлік өнеге бере білген, өз ұрпағына ғана тәрбие беріп қана қоймай, бірнеше буын шәкірттерін үлкен өмірден өз жолын тауып, азамат ретінде қалыптасуына білім мен ұстаз - аналар; Қазиева Зәуре апай, Жұмағалиева Галина Қартбайқызы, Сейтжанова Лиза Мырзахметқызы, Бисембаева Назым Мәжитқызы қатысып, қыз балаларға өздерінің өнегелі, тәлім - тәрбиеге толы әңгімелерімен ой бөлісті. Оқушылар ғибратты әңгімеерден өздеріне ой түйді. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері; Н.Жанабекова, Л.Есқалиева, Ж.Алибековаға алғысымызды білдіреміз

 

19.02.2019 күні "Білім жүгін арқалап,  биікке самға жас талап!" тақырыбындағы физика және информатика онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Онкүндік барысында ерекше белсенділік көрсеткен класс оқушылары қызыл кілемшеде жүріп, ал белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. 


18 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптар бірлестігінде "Ғылымның жарық жұлдызы - математика" атты апталықтың ашылуы өтті. Осы іс шара барысында апталық жоспарымен таныстырылып, оқушылар геометриялық фигуралар туралы ән айтып, би биледі. Қызықты логикалық ойындар өткізілді. Мектеп директоры Т.О.Хайтбаев апталық жұмысына сәттілік тілеп, республикалық және облыстық сайыстарда жүлделі орын алған бастауыш сынып оқушыларын құттықтады.  

 

2019 жылдың 18ақпан күні ерекше қажеттілігі бар балалар арасында "Жұлдызай" Республикалық фестивалінің аудандық кезеңіне №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып, "Вокал" номинациясы бойынша Суюндыкова Жансұлу III орын, "Хореография" номинациясы бойынша Тайгужина Айсұлу III орын, "Қолөнер" номинациясы бойынша Жұмабек Али II орын, "Бейнелеу" номинациясы бойынша Габдуллина Жанель I орын, Дүйсембай Азамат II орын, Умарова Балымай III орынды иеленіп, Бисембай Даниал, Құрманғали Мөлдір, Меделханұлы Нұрхан, Жұмабек Али Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!


2019 жылдың 16 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Алға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қамқоршылық кеңес мүшесі Б.К.Ергалиева, ардагер-ұстаз А.А.Құбатаева, А.Ж.Нұғманова, Жастар ресурстық орталығының директоры Э.С.Нұрлыбаеваның қатысуымен "Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ" тақырыбында даярлық топтар мен бастауыш кластардың ата-аналарымен семинар-тренинг өткізілді. Отбасы мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған семинар тағылымы зор, өте мазмұнды болды.


2019 жылдың 15 ақпаны күні  №3 Алға қазақ орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Жиында Ауған соғысында батырлықпен қаза тапқан, қайсар қаһармандар рухына бір минут үнсіздік жарияланып, еске алынды. Оқушыларға Ауған соғысы туралы тың мәліметтер берілді.

   

2019 жылдың 14 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Core physics" Basic Laws. Protection тақырыбында іс-шарасы өтті. Оқушылар физиканің іргелі заңдарын өмірмен байланыстыра отырып, ағылшын тілінде презентацияларын қорғады.


16 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 11"А" класс оқушысы Көбегенова Шолпан Республикалық "Ақберген" оқуларының облыстық кезеңіне шешендік өнер бағыты бойынша қатысып, 3 орынға ие болды. Жетекшісі; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.К.Жанабекова. Құттықтаймыз !!!


15 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның жарқын қадамы" акциясы аясында "Біз бақытты баламыз" тақырыбында 5-7 класс оқушылары арасында флеш-моб сайысы өткізілді.

 

14 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен ардагер ұстаз, Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Жеңіс Қонжарұлы, мектеп инспекторы Ш.Абилхайыровпен бірге кешкі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ойын залдарында, кафеде, көшеде жүрумен бақылап, тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

14 ақпан күні №3Алға қазақ орта мектебінде физика және информатика онкүндігі аясында 8-9 кластар аралығында "ІТ - технология саласындағы идеялар" (3д және робототехника) тақырыбында жобалар сайысы өтті.


13 ақпанда физика информатика пәнінің онкүндігі аясында 9 класс оөушыларының ұйымдастыруымен 5-6 класс оқушылары арасында "Сызық жол бойымен теңгеруші роботтар" сайысы өтті.


14 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай "Ауған ақиқаты" тақырыбында аудан ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысының Алға аудандық ұйымының төрағасы К.К.Көшербаев және Ауған соғысының ардагерлері М.Қарабек, А.Сисенов, Қ.Дүзбаев, А.Тупица, А.Айтжанов қатысты. Өмірін оқ пен оттың арасында өткізген Ауған соғысының ардагерлері оқушыларға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін білуге, қайсар, жауынгер ағалардың ерлігін үлгі етуге шақырды. Алтын уақыттарын бөліп, мектеп оқушыларына тәлімі зор сұхбат берген Ауған срғысының ардагерлеріне ризашылығымызды білдіреміз!!!

 

12 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның жарқын қадамы" акциясының ашылуы өтті. Акцияның мақсаты; Болашақ ұрпаққа үлкенге құрмет көрсетуге, қарттарымызды ұлықтауға, құрметтеуге баулу. Салауатты өмір салтына машықтандыру. Оқушылардың танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқор болуға тәлім - тәрбие беру.


13.02.2019ж. №3 Алға қазақ орта мектебінде "Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!" онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі Курманова Шынардың ұйымдастыруымен, 11класс оқушылары "Электронды үкімет" порталында онлайн арқылы мектеп ұжымына және оқушыларға кқрсеткен "E.Gov" электронды қызметтері (Цон арқылы алынатын анықтамалар мен құжаттар...) жоғары бағаланып, көңілінен шықты.



12 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 7-11кластар аралығында "Әлем. Ғарыш құпиялары" тақырыбында ғылыми - практикалық конференция өтті.


№3Алға қазақ орта мектебінде "Білім жүгін арқалап,биікке самға жас талап!" тақырыбында  физика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 12ақпан күні 7-9кластарға арналған "Роботтар арамызда" атты ашық есік күні өтті.

 

11.02.күні №3Алға қазақ орта мектебіндефизика және информатика онкүндігі аясында 3 кластар арасында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәні бойынша "Ғажайып суретшілер" сайысы өтті. Ұйымдастырған; Байбөлек Г., Казбаганбетова М.А.


2019 жылдың 10 ақпан "Қазақстан- мейірімділік мекені" республикалық акциясы аясында №3 Алға қазақ орта мектебінде Қазақстандық қоғамда мейірімділіктің және қоғамға риясыз қызмет етудің мәртебесін арттыру мақсатында "Қазақстан- мейірімділік мекені" тақырыбында класс сағаттары өткізілді.

 

Ақпан айының 9-шы жұлдызында оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде шаңғы тебуден жарыс өтті.


№3Алға қазақ орта мектебінде 05.02 күні физика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында 8 кластар арасында физика пәні бойынша "Электр тізбектері сөйлейді" атты сайыс өтті. Ұйымдастырушы; Толжан Г. және Асылисаева К.


08.02.2019 күні №3 Алға қазақ орта мектебінде физика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында физика пәнінен "Молекулалар биі" атты физикалық құбылыстарды би арқылы бейнелеу сайысы өтті.


8 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде қазақ поэзиясына өзіндік жыр жолдарымен үн қосқан, өз оқырмандарына жыр сыйлаған қазақтың біртуар ақыны Ізтай Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған "Ізтайдың өшпес іздері" атты поэзия кеші өтті. Өткізген; қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері

 

Физика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында 06.02 күні "Роботтар арамызда" тақырыбында ашық есік күні өтті. Оқушылар роботтар туралы ақпарат алып, зор қызығушылықпен робот құрып үйренді. Ұйымдастырушы; информатика пән мұғалімдері.

  

7 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Қайырымдылық" акциясына орай, 4-5-6 класс оқушылары аралығында "Қайырымдылық жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Класс оқушылары қайырымдылық акциясына белсене қатысып, үйлерінен түрлі тағамдар әзірлеп әкеліп, оны сату арқылы акцияға өз үлестерін қосты. Акцияға үлес қосқан оқушыларға, ата - аналарға, класс жетекшілерге ризашылығымызды бітіреміз!!!

 

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығармашылығына 30 жыл толуына орай, пневмотикалық мылтық атудан мектеп оқушылар арасында аудандық жарысқа №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

 

7 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғаныга  30жыл толуына орай, баскетболдан оқушылар арасында мектеп аралық аудандық жарысқа №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы қатысып, жүлделі II орынға ие болды. 

 

7 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 класс оқушылары арасында "Қардағы футбол" ойыны ұйымдастырылды. Өткізген; Р.Балмағанбет

 

5 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Махаббат пен Шығармашылық  педагогикасы" онкүндігі аясында 9"В" класс оқушыларымен "Адамгершілік" тақырыбында парасаттылық құндылықтар мақсатында дебат өткізілді. 

Пән мұғалімі: Адилова М.Б.

 

6 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Қамқорлық" қайырымдылық акциясы аясында "Жүрегім толы мейірім" тақырыбында қайырымдылық іс - шарасы ұйымдастырылды. Ізгі ниетпен қол ұшын созып, демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлер З.Ө.Белеуоваға, Б.Мирхановаға, Г.Уралбаеваға, Алға жастар ресурстық орталығының жетекшісі Э.Нурлыбаеваға, іс - шараға қолдау көрсеткен ата - аналарға, ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз!

 

Бүгін, 5 ақпанда №3 Алға қазақ орта мектебінде "Адалдық дүкені" акциясы ұйымдастырылды. "Сатушысыз дүкен" арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгерщілік қасиеттерге баулу мақсатында ұйымдастырылған акцияның оқушыларға тәпбиелік маңызы зор болды.


Елбасымыздың "2019 жыл - Жастар жылы" деп аталуына байланысты №3 Алға қазақ орта мектебінде Жас мамандар арасында "Не? Қайда? Қашан?" атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.

 Өткізген: Икметуллаева Г.К. Каренова Ж.Н.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде 04.02.2019 - 18.02.2019 өтетін Физика және Информатика пәндерінің"Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!" атты онкүндігінің ашылуы өтті. Осы іс - шара барысында онкүндік жоспары таныстырылып, қызықты ойындармен жалғасты.

 

Бүгін 4 ақпан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде өзін - өзі тану пәні бойынша "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбында республикалық онкүндігінің ашылу сәтінен...


№3 Алға қазақ орта мектебі  бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2 ақпан, сенбі күнгі секция, үйірме жұмыстарынан...

 

2 ақпан күні "Қайырымдылық" акциясы аясында №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Жүрек жылуы" атты 8-10 класс оқушылары арасында флешмоб байқауы өтті. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беруге, қайырымдылық, мейірімділік танытуға, сауабы мол іске ат салысуға шақырған флешмоб өз мақсатына жетті.

  

1 ақпан күні №3Алға қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 5-6 класс оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

 

31 қаңтар күні Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Ұшқыр ой алаңы" республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңіне №3 Алға қазақ орта мектебінің "ALGA QAZAQ" командасы қатысып, 8 "А" класс оқушысы Бақбергенов Ришат, 10"Б" класс оқушысы Силиханова Жансая сертификатпен, жетекшісі Ж.Г.Куленкеев Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

  

31қаңтар күні №3Алға қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 7 класс оқушылар арасында "Брейнринг" интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Өткізген: Бекдисинова С.У. 


№3 Алға қазақ орта мектебінде Алға аудандық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ермекбаева Ғалия Оңдашқызы "Қызылша ауруы, оның алдын алу жолдары" тақырыбында дәріс оқып, ата - аналармен түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.


Бүгін №3 Алға қазақ орта мектебінде тағылымы мен тәпбиесі мол сыр - сұхбат кеші өткізілді. Кешке ауданның белгілі тұлғалары ардагер ұстаз - Жеңіс Қонжарұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - Аппазов Бекжан, көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарған - Қазмағамбетов Қайратағайлар қатысып, оқушыларға өнегелі өмірлерінен үзінді келтіру арқылы мазмұнды сұхбат берді. Кеш барысында оөушылар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтар қойып, өзара қызықты тапсырмалар орындады. Болашақ ұрпаққа тәлімі мол сұхбат берген кеш қонақтары мен ұйымдастырушы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Айтжановаға, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Б.Ж.Қойшығұлова, Б.У.Сисекеноваға үлкен алғысымызды білдіреміз !!!

 

30қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде жалпы мектепшілік ата - аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:

1. "2018-2019 оқу жылындағы II тоқсан қорытындысы".

2. "Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар".

3. "Ата - ананың бала тәрбиесіндегі мектеп пен педагогика және психологиялық ынтымақтастығы".

4. "Қызылша ауруы, оның алдын алу шаралары" тақырыбында өзекті мәселелер қаралды. Бала тәрбиесінде немқұрайлы қарамай, жиналысқа уақыт бөліп келген ата - аналарға алғыс білдіреміз !

 

29 қаңтар күні №3Алға қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 2 класс оқушылар арасында "В гостях у сказки" іс - шара өткізілді. Өткізген; Кужахметова Г.К. Бекдисинова С.У.

 

28 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Великий, могучий русский язык" атты орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі ашылды. Іс - шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес өтуде.

 

№3 Алға қазақ орта мектебінде 28қаңтар күні 9,10,11 класс қыз балаларымен Алға аудандық "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" жөніндегі орталығының ақпараттық түсіндіру тобының маманы Досымханова Ділдә және Алға орталық мешітінің ұстазы Разақ Айдананың қатысуымен "Қыз баланың бақыты","Суицид" тақырыбында жалпы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қыз баланың бақыты жайлы дәріс оқылып, психологиялық тренингтер өткізілді. Мектеп оқушылары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ойларын ортаға салды. 

 

№3 Алға қазақ орта мектебінде 27 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE(офлайн)" республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында іс-шара жоспары құрылып, жоспарға сәйкес "Интернетке тәуелділік" тақырыбында мектеп психологтары тренинг өткізіп, "Интернет - OFFLINE, Спорт - Online" тақырыбында спорттық іс - шара ұйымдастырылды.


№3 Алға қазақ орта мектебінде 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE(офлайн)" республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында іс-шара жоспары құрылып, жоспарға сәйкес "Интернетсіз күнді қалай өткіздім" тақырыбында суреттер сайысы, "Мен OFFLINE" тақырыбында эссе байқауы және класс сағаттары өткізілді. Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын алу

  

27қаңтар күні Елбасымыздың "2019 жастар жылы" деп аталуына байланысты №3Алға қазақ орта мектебінің  "Шамшырақ" жас мамандар ұйымының ұйымдастыруымен "Ел ертеңі- білімді жастар" тақырыбында интелектуалды ойыны ұйымдастырылды. Өткізген тарих пәнінің мұғалімдері; Ізтілеу А. Шындаулет Н. 


25 қаңтар күні №3Алға қазақ орта мектебінде 5-11кластың ер балаларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, сауалнама алынды

 

26 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен 8-10класс оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.

 

2019 жылдың 26қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде;

1. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары";

2. "Педагог мәртебесі" туралы Заң жобасы;

3."Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындауға қамқоршылық кеңесінің рөлі" жөнінде өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.


22 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 10-кластар арасында "Мисс и Мистер русский язык" конкурсы өткізілді. Өткізген; Болысбаева А.Б.

 

21 қаңтар күні  №3 Алға қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 9"Ә" класс оқушыларымен "Знатоки русского языка" конкурсы өткізілді. Өткізілген; Агниязов А.

 



18 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы негізінде "Жылқы - малдың патшасы" тақырыбында кітаптар көрмесі мен ат әбзелдерінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, Алға аудандық мұражай қызметкері Қаламқас Ұзақбаева оқушыларға жылқы малының қасиеті жөнінде мәлімет берді.

  

18 қаңтар күні Аудан әкімінің жүлдесі үшін Алға ауданындағы мекемелер мен ұйым қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған спартакиада шахматтан №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері қатысып жүлделі 1 орынды иеленді.

  

Бүгін, яғни 16 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінің базасында аудандық 2004-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында "Жұлдызша" атты шайбалы хоккейден жарыс өткізілді 

  

 14 қаңтар күні Алға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастық. Жігер. Еңбек" ұранымен өткен қысқы эстафетаға №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып, "Жалынды жастар" еріктілер тобының белсенділері алғыс хаттармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

  

ІІІ оқу тоқсаны басталуымен қаңтардың 14 күні №3 Алға қазақ орта мектебі бойынша 41 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  II (аудандық) кезеңіне қатысып, 29 оқушы жүлделі орынды иеленді. Оның ішінде - 11 оқушы - I орынға, 13 оқушы -II орынға, 5 оқушы - III орынға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды.

  

7 қаңтар күні  №3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында волейбол секциясы, спорттық сайыстар өткізілді.

 

7 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 5 класс оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану мұражайына экскурсияға барып, бес бөлімнен тұратын мол мұраға толы сегіз залдағы құнды жәдігерлерді тамашалады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің көшпелі көрмесімен танысып, Елбасы туралы көптеген мағлұматтар алды. Оқушыдар рухани азық болар мәліметтермен сусындап, қазақ халқының тұрмысы туралы танымын кеңейтті.

  

7 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 6-7 класс оқушылары арасында "Жалынды жастар" тақырыбында флешмоб байқауы ұйымдастырылды. Шебер қимыл мен әдемі би композицияларын көрсете білген өнерпаз оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 


5 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде мектеп ұжымы арасында "Спорт - денсаулық кепілі " тақырыбында жаппай шаңғы тебу акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп ұстаздары қызығушылықпен қатысып, бой сергітті.

 

 5 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жаңа жылдық көңіл күй" тақырыбында кабинеттерді тақырыпқа сай безендіру байқауы ұйымдастырылды. Байқауда шығармашылық тапқырлық пен бірегейлік ойларын көрсете білген жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

 

4 қаңтар күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш кластар аралығында жалпы білім беретін бастауыш класс негізгі  пәндерінен мектепшілік пәндік олимпиада өткізілді.

 

2019 жылдың 4 қаңтарында №3 Алға қазақ орта мектебінде оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4-7 класс оқушылары арасында хоккейден жарыс ұйымдастырылды.

  

28 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебі бойынша "Қош келдің, Жаңа жыл!" тақырыбында жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жаңа жылды жадыраңқы жаңа жылдық көңіл күймен қарсы алды.


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 27 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Шаттығы мол Жаңа жыл!" тақырыбында әлеуметтік шырша ұйымдастырылып, оқушыларға сыйлықтар берілді. Іс шараға қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Қонжарұлы мен ата - аналар комитетінің төрайымы Н.Дошимова қатысып, баларға өз жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған жеке кәсіпкер Г.Уралбаеваға, қамқоршылық кеңес мүшесі Б.Ергалиеваға, жеке кәсіпкер М.Жанабековаға, т.б. демеушілерге алғыс білдіреміз! 

 

26 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде даярлық топ оқушыларына арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі өткізілді. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар ұйымы оқушыларының кейіпкерлерді сомдауымен ұйымдастырылған ертеңгілік оқушыларға жаңа жылдық көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. 

  

27 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жаңа жылдық ойыншықтар" тақырыбында шығармашылық көрме - байқау ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылығымен, ерекше дизайндармен жасалған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, номинациялар бойынша  марапатталды.

 

26 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің өнерпаз оқушылары Алға аудандық ардагерлер ұйымына "Кел, төрлет, Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырып, ауыл ақсақалдарының ризашылығына бөленді. Мереке қарсаңында барша құрметке лайық, асыл қарияларымызды осындай қуанышқа бөлеу - үлкен мәртебе! Жеңіс Қонжарұлы бастаған ардагерлер қауымы бүлдіршіндер мен мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, батасын берді. Осындай дархан көңіл, ақ пейілді асыл ардагерлерімізге әрқашан ашық аспан, зор денсаулық тілейміз!!!

   

21 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымынының ұйымдастыруымен "Зиянды заттардың алдын алу шаралары" мақсатында 9-10 класс оқушыларына дәріс оқылды.

   

21 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 

21 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Қосымша білім беруге 100 жыл" толуына орай, Тәуелсіздік мерекесіне арналған қосымша білім беру үйірмелері апталығының жабылуы, есеп беру концертімен өтті. Концертте директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Л.А.Бошанова сөз алып, оқушыларымызға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Апталық аясында әннен, күйден, биден конкурсқа қатысқан талапкерлеріміз, концертте өнерлерін көрсетті. Соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Айтжанова қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларымызды марапаттады. Концертті өткізген жауапты мұғалімдерімізге шығармашылық табыстар тілейміз! Г.С.Сағынғанова.А.А.Ибраева. А.Ж.Қонжаров. Г.Бегимбетова.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінің жоспарына сай 11-19 желтоқсан аралығында "16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай өткізілген іс - шаралар

  

14 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында өткен "Ұланымыз ұлы елдің" тақырыбында "Жас Ұлан" ұйымдарына облыстық қабылдау рәсіміне №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлынан галстук пен төсбелгі тағып, ерекше қуанышқа бөленіп, облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат жасады. 

  

18 желтоқсан күні Ұлы дала елінің мерекесі - Тәуелсіздік күні мен "Жас Барыс" облыстық жас еріктілер слеті аясында ұйымдастырылған қыздар арасында баскетбол ойынында жүлделі 2 орынға №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы марапатталды.

  

14 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде демалыс күндері оқушылардың уақытын мақсатында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 4 класс оқушылары арасында пионербол жарысы ұйымдастырылды. Өткізген; Р.Балмағамбет, М.Тоғабаева 


  

18 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 11 а класс оқушыларының ұйымдастыру "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Класс жетекшісі;  Жанабекова Н.К.

  

17 желтоқсанда №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында "Біз бақытты баламыз" тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді. Жауаптылар; Жақсылықова Н.Т., Жанаш Ғ.Д.

 

14 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Қосымша білім беруге 100жыл!" толуына орай, Тәуелсіздік мерекесіне арналған қосымша білім беру үйірмелерінің 10.12-15.12.2018 желтоқсан аралығында "Биік шыңға біліммен жол салынар, Бар ізгілік тек өнерден алынар" тақырыбындағы тақырып аясында "Жүректен шыққан сырлы сөз..." тақырыбында оқушыларымызды елін, жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында поэзия сағаты өткізілді. Соңында әділ қазы мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.М.Алибекова және қосымша білім беру педагогы А.Ж.Қонжаров жас поэзияшыларды әділ бағалап, рухқа толы өлеңдерін тыңдап, жылы лебіздерін білдірді. Өткізген; А.А.Ибраева   

  

14 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Қ.Р. Тәуелсіздігі күніне орай Бірыңғай "Жас Қыран" "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған жиын өтті. Салтанатты жиынның қонақтары ардагер ұстаз қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жеңіс Қонжарұлы мен ардагер ұстаз Мұрынов Ордабай Әуезұлы қатысып, оқушыларды құттықтады. 

ь  

12 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Эстрадалық вокал" үйірмесінің жетекшісі Г.Сағынғанованың ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда мектеп оқушылары жас ерекшеліктері бойынша үш топ сынға түсті, яғни 4-5 класстар, 6-7 класстар, 8-9 кластар бойынша барлығы 18 оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар байқауға өте жақсы дайындықпен келіп, туған жер, Отан, Тәуелсіздік тақырыптарында ән шырқады.

  

12 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында 4 класс оқушылары арасында "Мен елімді сүйемін" атты флешмоб байқауы ұйымдастыру. Өткізген; Алпысбаева Г. 

  

12 желтоқсан күні бастауыш класс әдістеме бірлестігінің "Білімді жетер мұратқа" атты онкүндігі аясында мектепалды даярлық класында "Қ дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ  өтті. Өткізген; Дилметова Ұ.М.

  

12 желтоқсан күні бастауыш класс әдістеме бірлестігінің "Білімді жетер мұратқа" атты онкүндігі аясында 2А класс оқушылары арасында "Логикалық тапсырмалар" тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Өткізген; Бисенбаева А.З.

  

12 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - ел бақыты" тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.

  

11 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш класс бірлестігінің онкүндігі аясында 2 "А" класында "Су. Ол қандай?" тақырыбында ашық сабақ өткізде. Сабақта оқушылар топқа бөлініп, судың физикалық қасиеттерін анықтау мақсатында тәжірибе жасап, зерттеу жұмысын жүргізді. Өткізген, Бисенбаева А.З.

  

11 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында "Халықтар достығы - тірегіміз"  атты 4 класстар арасында сайыс өткізілді. Сайыста әр ұлттың мәдениетімен таныстырылып өз өнерлерін көрсетті. Сайыс әртүрлі номинациялармен марапатталды. Өткізген; Ж.С.Удербаева мен А.Р.Батырова 

  

10 - желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында мектепалды даярлық тобында "Жол тәртібін білейік" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жас ұрпақты жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстырып, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту мақсаты қойылды. Өткізген ; Жұбанова Г.Ж.

  

10 - желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 3 кластар арасында "Жол тәртібін білейік" атты сайыс өтті. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде ұланбасыға рапорт беру, оқушылардың саптық жүрістеріне әннің орындалуына мән берілді. Екінші бөлімде көшеде жүру ережелерімен сахналық көріністер қойылды. Оқушылар сайысқа жақсы деңгейде белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 3 кластар жарайсындар!

   

Бүгін №3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында "Білегіңе емес - біліміңе сен, білім - таусылмайтын кен" демекші, жас мамандарымыздың білімдерін шыңдаудағы ізденімпаздығын, біліктіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігі, сонымен қатар ойлау қабілеттерінің жан - жақтылығын байқау мақсатында сайыс өткізілді. Жас мамандар келсе - іске!

  

№3 Алға  қазақ орта мектебінде "Білімді жетер мұратқа" онкүндігі аясында 4 "В" класында  математика сабағынан "Есептер шығару" атты ашық сабақ өткізілді. Өткізген; Батырова А.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі 1"В" класында "Отбасы - алтын діңгек" отбасылық сайысы өтті. Өткізген; Жанаш Ғ. 

  

Бүгін "Үміт" жобасын жүзеге асыру мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде 8-11 класс оқушылары арасында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты" өткізілді. Оқушыларға "Жемқорлықсыз өмір - адал өмір" тақырыбында мектеп оқушылары түсірген бейне ролик пен презентация көрсетіліп, танымдық сабақ ұйымдастырылды.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде 3-4 класс оқушыларына Халықаралық "Жаһандық компьютерлік аптасы" аясында "Код сағаты - 2018" жаһандық бастамасы өткізілді. Оқушыларға "Код сағаты" шарасы кез келген адам программалау негіздерін қызық та, қарапайым жолмен үйрене алатындай етіп, нақты ғылымдарға ынталандыру үшін және "код" ұғымының мәні түсіндірілді.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде Халықаралық "Жаһандық компьютерлік аптасы" аясында "Код сағаты-2018" акциясы өткізілді.Оқушылар алгоритмді тапсырмаларды орындап, программалаудың бастамаларын үйренді.


№3 Алға қазақ орта мектебінің 2 класс оқушылары арасында "Ертегілер елінде" атты сахналық қойылым болды. Өткізген; Калдыгулова Г.К., Калиева Г.О.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде 3А класында әдебиеттік оқу пәнінен жаңартылған білім беру әдістерімен "Мақтанышым - Астанам" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Өткізген;Арқабаева А.

 

5желтоқсан күні бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында 2"Ә" класс оқушылары арасында "Озық ойлы оқушы" тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Өткізген; Қалдығұлова Г.К.

 

5желтоқсан күні бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында 3 кластар аралығында әдемі, сауатты жазу мақсатында "Мен әдемі жазамын" тақырыбымен көркем жазу сайысы өтті. Өткізген; Ахметова А.О.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде "Білімді жетер мұратқа" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясыеда елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту мақсатында 1кластар арасында "Елбасына арнау" көркемсөз оқу сайысы өтті. 

 

№3 Алға қазақ орта мектебінде Алға электр жүйесі учаскесінің аға диспетчері Кульнтязов Асхат Төкенұлы оқушыларды электр қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


5желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта  мектебінде бастауыш бірлестігінің онкүндігі барысында мектепалды даярлық тобы бойынша "Елбасы ел мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағат өткізілді. Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаев туралы мағлұмат беріліп, елін сүйген, елі сүйген Елбасы өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсаты қойылды. Өткізген; Донбаева Л.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш класстар бойынша 04-14желтоқсан аралығында "Білімді жетер- мұратқа" атты онкүндігі басталды. Қазіргі заман - білім мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Онкүндік барысында жаңа заман талабына сай жан - жақты , білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде 1желтоқсан Қ.Р.Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық  "Жас Ұлан" ұйымдары арасында "Тау көтерген толағай" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

   

№3 Алға қазақ орта мектебінің жоспарына сай қараша айының 23-30 аралығында 1 желтоқсан Қ.Р.Тұңғыш Президенті күніне орай онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында суреттер, шығармашылық байқау, интеллектуалды ойындар және "Улбасы және тәуелсіз Қазақстан" ,"Ұлт көшбасшысы - ел Президенті" тақырыбында ашық класс сағаттары өткізілді.

  

№3 Алға қазақ орта мектебінде қосымша білімге 100жыл толуына орай "Жастық жігер" мектептен тыс аула клубы мектеп пен қосымша білім беру мекемелер арасындағы байланысты нығайту мақсатында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

 

28қараша күні №3 Алға қазақ орта мектебінде мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Ш.А.Абилхайровтың қатысуымен 8-11 класс оқушыларымен  құқықтық тәртіп жиналысы өткізілді. 

 

24қараша күні №3 Алға қазақ орта мектебінде " Жаңаша білімге - заманауи көзқарас" тақырыбында серіктес мектеп мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті. Семинарға Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.У.Сапаргалиева қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі. Семинар барысында №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері А.Б.Кулжанова "Қаржы коды", А.Б.Койшыгулова мен Н.Қ.Жанабекова "Оқу үрдісінде табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері", Г.З.Нугманова "Разработка и экспертиза тестовых заданий", С.А.Имова мен А.М.Тлеубаева" Ойын элементтерін пайдалана отырып ағылшын тіліне қызығушылықты ояту", Ж.Тукенова "Ассоциативтік психология" тақырыптарында панорамалық сабақ, К.Б.Асылисаева мен С.Б.Каирова "XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдердің құзіреттілік ұстанымы" тақырыбында коучинг өткізіп, тәжірибемен алмасты. Семинар соңында мұғалімдерге кофе - брейк ұйымдастырылды.

  

"Ақтөбе - Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың  23 қарашада жалпы білім беретін мектептер мен облыстық 8-11 класс оқушылары арасында ҚР Халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ә.Кекілбаевтың шығармаларына арналған Әбіш оқуларының облыстық кезеңінде 9 класс оқушысы Байманова Әсел мақтау қағазын иеленді. 

 

Бүгін жастар ресурстық орталығы мен №3 Алға қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен" Жас Ұлан- 2018" аудандық жайдарман ойынында №3 Алға қазақ орта мектебінің" Менің сүйікті командам" құрамасы жүлделі I орынды иеленіп, кубокқа ие болды.

  

Бүгін жастар ресурстық орталығы мен №3 Алға қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен "Жас Ұлан- 2018" жайдарман ойындарының ауыспалы аудандық кубогі өткізілді. Ауданнан 11 команда қатысты. Жайдарман ойынында ұшқыр әзілдерімен көрермендерге көңіл күй сыйлаған жайдарманшыларға ризашылығымызды айтамыз.

 

"Өткені сырлы, келешегі нұрлы" тарих,  география пәндерінің онкүндігі аясында 7 класс оқушылары аясында "Тарихқа құрмет - ұрпаққа аманат " тақырыбында оқушылардың тарихи білімдерін шыңдау, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында танымдық сайыс өткізілді. Сайыста 1- орынды 7 "А" класының "Үздік бестіктер" тобы, 2- орынды 7"В" класының "Түркілер" тобы, 3-орынды 7 "Ә" класының 2 "Жас  тарихшылар" тобы иеленді. Пән мұғалімі; Р.Ж.Айтжанова

  

Алға аудандық "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" жөніндегі орталығы КММ-нің теологтар тарту мақсатында 21 қараша күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында мектеп оқушыларымен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі- Мәди, Алға аудандық орталық мешітінің бас имамы - Абдурасулов Абдуахит, "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" орталығының басшысы - Разақов Нұрмахамметпен кездесу өтті.



Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 класс оқушыларын ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында республикалық "Әбіш оқуларының" аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі I орынға ие болған №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Байманова Асель марапатталып, облыстық кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі; Жанабекова Нұржамал Қуанова.


Қазақ күресінен 2005-2007, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Темір балалар - жасөспірімдер  спорт мектебінің ашық біріншілігінде 6 класс  оқушысы Мақсатұлы Нұрхат жүлделі 3 орынға ие болды. Мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз.

 

"Өткені сырлы, келеегі нұрлы - Қазақстан" тақырыбындағы тарих, география апталығы аясында "Мамандық таңдау келешекті таңдау" психологиялық тренингі жүргізілді.

  

Бүгін №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "№3 Алға қазақ орта мектебінің кубогә -2018" мектепшілік ауыспалы жайдарман ойыны өтті.

  

Алға аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Н.Назарбаев; дәуір, тұлға, қоғам" атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеге №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы мен оқушылары тамашалап кең ауқымды мәндік, бейне аудио  және фото материалдармен танысты.

 

Бүгін № 3 Алға қазақ орта мектебінде жалпы мектепшілік ата - аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде; мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Қасым ата - аналарға I тоқсанының қорытындысы және Күнделік кз электронды күнделіктің жүргізілуі туралы сөз қозғады. Мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.К.Ерғалиева отбасылық құндылықтарды сақтау және оны бағалауды насихаттау мақсатында "Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата -ана" тақырыбында ақыл кеңестерімен бөлісіп, мектеп пен ата ананың арасын нығайту мақсатында ортақ тәрбиеге шақырды.

  

"Өткені сырлы, келешегі нұрлы - Қазақстан" тарихі гоеграфия онкүндігі аясында "Рухани кұндылықтар - тарих тағылымы" тақырыбында тарихи жәдігерлерді қастерлеуге баулу мақсатында Алға аудандық мұражайына 6 класс оұушылары арасында саяхат сабақ ұйымдастырылды.

 ""

 

14 қараша күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы #637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы - Премьер - Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы #27 өкімімен бекітілген "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезеңімен көшіру жөніндегі іс - шаралар жоспарына" сәйкес жалпыхалықтық диктант өткізілді.

 #

"Өткені сырлы, келешегі нұрлы -  Қазақстан" атты тарих, география бірлестігінің онкүндігі аясында "Жастар еліміздің ертеңгі тірегі" тақырыбында 8 класс оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. Жетекшісі. Ж.Г.Куленкеев


             

Бүгінгі №3  Алға қазақ орта мектебінде тарих және география бірлестігінің "Өткені сырлы, келешегі нұрлы - Қазақстан" тақырыбындағы онкүндігінің ашылу салтанатынан...

    

№3 Алға қазақ орта мектебінде "Қамқоршылық кеңес" мүшелерінің отырысы өтті. Отырыс барысында мектепте оқуға, тәрбиелеуге және еңбек ету үшін жайлы жағдайды туғызу үшін материалды - техникалық базамен танысты.

  

31 қазан күні "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен берекелі де, мерекелі "Алтын күз" байқауы өтті. Бұл байқау 5 - 7 класс оқушылары арасында өткізілді. Бас жүлдеге 5"Б" класс оқушылары: Орынбасаров Әбубәкір мен Пердешова Асия ие болды.

      

30 қазан күні №3 Алға қазақ орта мектебінің 7А класс оқушылары күзгі каникулды қызықты өткізу мақсатында Ақтөбе қаласына саяхатқа барды. Оқушылар класс жетекшісі Әлия Бағдатқызымен өнер орталығында,Әлия музейінде ,кинотеатрда болды.

      

№3 Алға қазақ орта мектебінде бастауыш класс оқушылары арасында "Күз кереметі" тақырыбында көрме ұйымдастырды.

      

XIX  облыстық спартакиадаға іріктеу мақсатында қыз балалар арасында баскетболдан аудандық жарыста жүлделі 1 орынға №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы марапатталды.

    

"Қосымша білімге - 100жыл" толуына орай Нұрталап шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "xxi ғасыр көшбасшысы " атты оқушылардың аудандық зияткерлік  сайысында білімдерімен ерекшеленген "The best team" номинациясымен №3 Алға қазақ орта мектебі, Дипломмен Әбілтай Айша , жүлделі 2 орынды Бейсенова Аружан, 3 орынды Бейбітжанова Аружан иеленді.

    

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Жаңашыл ұстаз - заман талабы" атты технология пәні мұғалімдеріне арналған фестиваль - байқауында жаңашыл бағытындағы шығармашылық шеберлігі үшін 1 дәрежелі дипломмен №3 Алға қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Кемалов Есет Қыдыршегеұлы марапатталды.

    

 25 қазан күні ұйымдастырылған ағылшын тілі онкүндігі аясында жоғары класс арасында кеш өткізілді. Ұйымдастырушылар ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері.

      

22 қазан  күні №3 Алға қазақ орта мектебінде ағылшын тілі онкүндігі аясында  7 кластар арасында "Sport is fun" атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Өткізген: Ж.Калбаева., Ж.Тоқсанбаева.

      

20 қазан "Jarasym may, symy" ашық аудандық Жайдарман ойындарының 1\2 кезеңі өтті. №3 Алға  қазақ орта мектебінен " Менің сүйікті командам" құрама командасы қатысып, финалға  жолдама алды. Оқушыларға сәттілік тілейміз.

    

Өрттің алдын - алу мақсатында №3 Алға қазақ орта мектебінде " Өрт - тілсіз жау"  тақырыбында класс сағаттары өткізіліп, диктанттар жазылып, тақырыптық суреттер салынды.

      

""Менің кіші Отаным" жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңіне №3 Алға қазақ орта мектебі бойынша Доспаева Мерей "Менің кішкентай Отанымның болашағы" , Дабылова Гүлбибі  "Менің кішкентай Отанымның тарихы" , Тайшыбаева Аяулым "Менің кішкентай Отанымның символы " , Байманова Әсел "Менің туған өлкем" номинациялары бойынша қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша "Менің кішкентай Отанымның болашағы"  номинациясы бойынша өте жоғары білім көрсеткені үшін Тайшыбаева Аяулым 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

   

15 қазан күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де ағылшын тілі бірлестігінің "Lets learn english together" атты онкүндігінің ашылу салтанаты сәтінен...

      

Ақтөбе облыстық ғылым- тәжіриблік орталығының ұйымдастыруымен "Үздік бастауыш класс мұғалімі - 2018" облыстық байқауында жас ұрпақтың сауаттылығын арттыру және сапалы білім берудің мазмұнын жаңарту жолында жаңашылдық пен кәсіби біліктілігін танытқаны үшін  3 дәрежелі дипломмен №3 Алға қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Темиргалиева Алмагүл Тенелбайқызы марапатталды.

    

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 05.10.2018ж. Қазақстан халқына Жолдауындағы, келер жыл "Жастар жылы" болып жариялануына байланысты №3 Алға қазақ орта мектебі базасында "Болашаққа - үміт, жастарға - сенім" тақырыбында белсенді аудан жастарымен кездесу ұйымдастырылды.

    

12 қазан күні №3 Алға қазақ орта мектебі базасында оқушылардың дарынын анықтау мақсатында 2 -4 кластар аралығында қазақ тілі, математика пәндері бойынша "Bilgen Baige" олимпиадасы және 5 -11 кластар аралығында математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндері бойынша "Bilgen Alaman" олимпиядасы ұйымдастырылды.

      

Бүгін, №3 Алға қазақ орта мектебінде өрттен сақтану жолдарынан оқу- жаттығу жұмыстары жүргізілді.

    

№3 Алға қазақ орта мектебінің базасында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында адандық "Үздік бастауыш мұғалімі - 2018 " байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінен 14 бастауыш класс мұғалімдері қатысып, №3 Алға қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Темиргалиева Алмагул Тенелқызы жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

      

9 қазан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Халықаралық қыз балалар онкүндігі аясында "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақырыбында 8 - 10 класс оқушылары мен Алға аудандық салауатты өмір салтын сақтау кабинетінің дәрігері Тұрсын Қабдижанқызы, Алға аудандық ауруханасының акушер- гинекологы Қоңырбаева Асем Аманжоловнамен кездесу ұйымдастырылды.

   

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Нзарбаевтың жыл сайынғы жолдауы- тарихи құжат. Себебі әрбір жолдау - егемен елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы. Биылғы жолдау әр қазақстандықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап берді. Соның ішінде , мұғалім қоғамда болып жатқан өзгерістермен халықтың саласын жаңғыртушы елші екендігін ескерсек,"Педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлеп, қабылдау тапсырмасы дер кезінде қолға алынған игі бастама деп санаймыз. Елбасы айқындап берген нақты міндеттерді ел болып бірлесе жүзеге асырайық. 

    

8 қазан күні мектеп оқушылары арасында XIII Халықаралық гросслейстер Д.Садуақасов кубогіне арналған республикалық шахмат турнирінің аудандық кезеңінде №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жүлделі орынға Сансызбаев Нұрлыбек, Ажигалиев Мансур, Айтбаева Әсел 2 орынды иеленді. Оқущыларымызға облыстық кезеңінде жеңіспен оралуларына тілектеспіз.

    

5 қазан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Ұстаз - мектеп жүрегі" тақырыбында бір кабинетте 2 ауысымда оқитын 10"Б" және 7 "А" класс оқушыларының бірлесе түрлендірілген ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақта мерекелік әдемі ән мен түрлі ойындар, психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, мұғалімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Класс жетекшілері: Құлжанова А., Тлеубаева А.

    

3 қазан күні Алға жастар ресурстық орталығы мен №3 Алға қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен "Қазіргі жастар - қазыналы қарттар көзімен..."  тақырыбында ашық дөңгелек үстел өткізілді. Өскелең ұрпақ тәрбиелеп, бағыт - бағдар берген ардагер ұстаздар мен шәкірттер арасында тағылымы мен тәлімі мол әдемі бір сұхбат өтті.

  

3 қазан күні №3 Алға қазақ орта мектебі базасында "Ұстаздар күні" мерекесіне арналған волейбол және үстел теннесінен аудандық турнирі ұйымдстырылды. Ашылу салтанатына Алға қаласының әкімі Н.И.Сурбаев, қала мектеп басшылары, Алға аудандық кәсіподақ ұйымының  төрайымы Р.З.Еркусимова , аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар "Таэквондо" клубының жетекшісі Д.Б.Жолдыбаев шәкірттерінің таэквондо әдістерін көрсетті.

    

"Қарттар күніне" орай "Қарттарын қадірлеген ел ардақты"  тақырыбында 10 класс жетекшілері мен оқушылары ардагерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, құрмет көрсетіліп, ардагерлерге естелік фото сурет таратылды.

    

"Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы "Қызмет ету қуанышы" тақырыбында жоба қорғап, 1 орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері: Адилова М.Б.,Алибекова Ж.М. 

   

"Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі" атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 10 кластармен "Үш бәйтерек - үш діңгек " тақырыбында әдеби- танымдық кеш өтті. Өткізген: Бвйбатыр К.Р., Изтлеуова Г.Б.

    

Аудандық "Адал жол- честный путь" марафон эстафетасының марапаттау сәті. Белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.

   

"Адал жол- честный путь" марафон эстафетасында "Адал ұрпақ " клубтары арасында өткізілген Театрландырылған қойылым байқауында №3 Алға қазақ орта мектебі "Үздік қойылым" номинациясын иеленді.

 

Бүгін, 1 қазан Ізтай Мәмбетов атындағы Алға аудандық балалар кітапханасы мен №3 Алға қазақ орта мектебінің "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған щағын концерттік бағдарлама өткізілді. Іс- шараға Алға аудандық "Нұр Отан" партиясының төрағасының орынбасары Мейіржан Алпамысұлы , аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бердалин Талғат Даулетович келіп, балаларға өз ыстық лебіздерін білдірді.

    

Мектебіміздің "Жас ұлан" ұйымы "Қарттарға қамқорлық көрсетейік" қайырымдылық акциясы аясында Қарттар күніне орай қарттарға көмек көрсетті.

      

28 қыркүйек күні №3 Алға қазақ орта мектебінде 4 класс оқушылары арасында "Былғары доп" жарысы өтті. Өткізген: Р. Балмағанбет

   

"№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі" онкүндігі аясыеда 7 кластар арасында "Ұлтын сүйген ұлы жүрек" тақырыбында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэзилық кеш өтті. Кеште ақынның өмірінен көрініс көрсетіліп, өлеңдңрі оқылды.

    

"№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі" онкүндігі аясында "Астана- елімнің жүрегі"  атты тақырыбында 5- кластар арасында диктанттар сайысы өткізілді.

   

2018жылдың қыркүйек айының 9-ы күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "XXI Ғасырдағы Ата-ана: өз балаңа үлгі бол" тақырыбында 5,6,7 класс оқушыларының ата-аналарына республикалық ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияда: Жасөспірімнің  ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетке тәуелділіктің алдын алу, жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу және болдырмау, отбасылық құндылықтарды нығайту, жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу, жасөспірімдер ортасына девианттық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары бойынша кеңестер беріліп, бейне роликтер көрсетіліп, сауалнамалар алынды. Барлық ата-аналарға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, бала құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған ақпараттық кітапшалар таратылды.

      

"Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалі аясында аудандық "Көмейден жыр ағылсын" атты жыршылар байқауында 7 "в" класс класс оқушысы Құрманғалиева Арайлым 2 орын, 6"ә" класс оқушысы Қарабалин Темірлан 3 орын және "Бала ақындар мүшайрасы" байқауынан 8 "ә" класс оқушысы Амангелдіұлы Мағжан 1орын, 11"а"  класс оқушысы Изтлеуова Аружан 2 орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері:  Жанабекова  Н.К., Ибраева А.А., Мунайтбасова Н.А. Оқушыларымызды  шын жүректен құттықтаймыз.

        

"№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ бойынша 2018-2019 оқу жылындағы "Ұланбасы" сайлауы өткізілді. Үміткерлеріміз: Қайырбекқызы Адэля, Сейтов Ануар, Көпжасар Тілек. Сайлаудың қорытындысы бойынша Қайырбекқызы Адэля - 291 дауыс, Сейтов Ануар - 116 дауыс, Көпжасар Тілек - 79 дауыс жинады. 2018-2019 оқу жылына "Ұланбасы" болып 10 "А" класс оқушысы Қайырбекқызы Адэля сайланды.

    

№3 Алға қазақ орта мектебі   КММ-де Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі ашылу сәтінен 

 

№3 Алға қазақ орта мектебінде   жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе облысының №2 емхананың меңгерушісі, балалар дәрігері Бауыржан Маратұлы, Алға аудандық салауатты өмір салтын ұстау кабинетінің дәрігері Тұрсын Қабдижанқызы, Алға аудандық СЭС бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ғалия Оңдашқызы қатысты. Оқушылар жұқпалы аурулардың алдын алу туралы ақпаратпен кеңінен танысты. 

 

№3 Алға қазақ орта мектебі КММ-де 20 қыркүйек сағат 10.00-де Астана қаласының 20 жылдығына орай "Астана - бейбітшілік бесігі" тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды. Ашық диктантқа мектептің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

 

№3 Алға қазақ орта мектебі КММ-де "Отбасы-бақыт мекені" онкүндігі аясында 8-10 кластар арасында "Отан отбасынан басталады" тақырыбында флешмоб, яғни би жарысы ұйымдастырылды. 

  

9 қыркүйек күні "№3 Алға қазақорта мектебі" КММ-де 10-11 класс оқушыларының ата-аналарына арналған "Өз балаңа үлгі бол!" тақырыбында ауқымды Республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің штаттан тыс және ұлттық ғылыми-тәжірибелік коррекциялық педагогика орталығының ғылыми қызметкері, Отбасылық тәрбие институтының спикері  - Бибінұр Мағауияқызы Зарубаева , Ақтөбе облысының білім басқармасының бөлім басшысы - Шарипа Химановна Шакирова , Ақтөбе облысының ғылыми -тәжірибелік орталығының әдіскері - Тоқсанбаева Арайлым Амангелдіқызы, "Нұр Отан" партиясы Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  - Мирлан Алпамысұлы Джалғаспаев, Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Тулеуов Марат Шамшадинұлы қатысты.

  

8 қыркүйек күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де 1 класс ата-аналарына арналған "Өз балаңа үлгі бол!" тақырыбында кең ауқымды Республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға Алға аудандық білім бөлімінің басшысы М.Ш.Тулеуов және Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Қонжарұлы Жеңіс қатысты.Конференцияда 8 тақырып бойынша ой салатын видеоролик көрсетіліп, ата-аналардан сауалнама алынып, кітапшалар таратылды. 

  

6 қыркүйек күні Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастыруымен "№3 Алға қазақ орта мектебінде" өрт-тактикалық сабағы өтті. Оқу жетекшісі аға лейтенант  Алмағанбетов А. төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керектігі туралы оқушыларға мәлімет берді.

  


Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің ұйымдастыруымен "Бақытты балалық шақ"балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы облыстық фестиваль байқауында эстрадалық вокал номинациясы бойынша Қабиева Мөлдір, Аман Назерке дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сағынғанова Г.С.


2018-2019 оқу жылында "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Мәңгілік ел " патриоттық  актісі шеңберінде "1 қыркүйек - Білім күніне" орай "Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбында салтанатты жиын өтті. №3 Алға қазақ орта мектебі 2018-2019 оқу жылын 1117  оқушымен бастады. Оның ішінде 1-класқа 126 оқушы мектеп табалдырығын аттады.  

   

2018-2019 оқу жылы басталар кезеңінде Республикалық  "Мектепке жол" қамқорлық акциясы аясында Алға ауданы әкімдігіне қарасты мекеме басшылары, білім беру ұйымы, жеке кәсіпкерлер күнкөрісі төмен, жетім және мүмкіндігі шектеулі  14 оқушыға жалпы 117 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

     

6 маусым күні "20 игі іс" акциялық эстафетасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан әкімі және барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жартылай марафон жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа №3 Алға қазақ орта мектебінің 20 мұғалімі қатысып, ерлер арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Соколов Шыңғыс І орын, әйелдер арасында Курманалина Лаура І орын және Жиенбаева Эльнура ІІ орынды иеленіп, медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

      

Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыуымен өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Бақытты балалық шақ" балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы облыстық фестиваль-байқауында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары Шолпан, Айман Узбековалар эстрадалық вокал бойынша І орын дипломмен марапатталып, 75 мың теңге сертификатымен және Батырхан Еркеназ ІІІ орын дипломымен марапатталып, 30 мың теңге сертификаты табысталды. Жетекшісі Сағынғанова Гулназия алғыс хатымен марапатталды. Және осы байқауда хореография номинациясы бойынша №3 Алға қазақ орта мектебінің "Айгөлек" би тобы ІІІ орын дипломымен марапатталып, 30 мың теңге сертификаты табысталды. Жетекшісі Жумабаева Бактыгул алғыс хатпен марапатталды.

         

1 маусым балаларды қорғау күніне орай өткізілген шағын футбол жарысында №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. 

     

1 маусым "Бақытты бала" жобасы аясында "1 маусым Халықаралық балаларды қорғау" күніне арналған "Балғын балалар біздің болашағымыз" тақырыбында шеру ұйымдастырылды. Шеруге №3 Алға қазақ орта мектебінен 150 бала қатысып, оқушылар жүлделі орындар бойынша марапатталды. 

       

№3 Алға қазақ орта мектебінде 25 мамыр күні Астана қаласының 20 жылдығына орай келген 2017-2018 оқу жылының аяқталуына арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиын қонағы Алға ауданының әкімі Н.С.Алдияров түлектерге ыстық лебізін білдіріп, алдағы өмір жолдарына сәт-сапар тіледі. Биылғы оқу жылында 58 түлек мектеп бітіргелі отыр, оның 8-і "Алтын белгіге" үміткер, 1-і "Үздік аттестатқа" үміткер.

     

23 мамыр күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Travelling to the English land" тақырыбында жас мамандармен интеллектуалды сайыс өтті

     

Саптық дайындық кезінде жақсы көрсеткішке қол жеткізген №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары Смағұлов Бекнұр, Кенжебаев Азизбек, Нұғманов Мирас марапатталды

      

Ұлы жеңістің 73 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орай өткізілген бес күндік әскери оқу-далалық жиынында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    

"Озық ойлы дарындылар" тақырыбында жас мамандар арасында интеллектуалды ойыны сәтінен...

     

15 мамыр күні "Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 200 ата-ана қатысты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген іс-шаралар мен мектеп жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

               

11 мамыр күні Алға аудандық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен "Бақытты бала " жобасы аясында аудандық "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының Ұланбасылардың  "Үздік ұланбасы 2018" сайысы өтті. Байқауға №3 Алға қазақ орта мектебінің 9 "А" класс оқушысы Қайырбекқызы Адэля қатысып, жүлделі ІІІ орын алды. 

           

8 мамыр күні жеңіл атлетикадан жалпы білім беру мектеп оқушылары арасында 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған 7-8 класс оқушылар арасында жүгіру эстафетасында жүлделі І орынға , 9-10 класс оқушылары арасында жүлделі ІІ орын иеленді. 

         

№3 Алға қазақ орта мектебінде 9 мамыр- Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай өткен "Патриот" айлығы шеңберінде "Ерлікпен жеткен жеңіске тағзым ету-парызың" тақырыбында ашық класс сағаттары өтті. Іс-шараға Алға музейінің қызметкерлері қатысып "Сұрапыл жылдар естелігі" тақырыбында жылжымалы көрмемен таныстырды.

       

Ағымдағы жылдың 3-4 мамыр аралығында Ақтау қаласында өткен "Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар " физика, биология және информатика пәні мұғалімдерінің республикалық форумында №3 Алға қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Лукпанова Жанат Тажгариевна өз тәжірибесімен бөлісіп, құрмет грамотасымен марапатталды.

             

5 мамыр күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Бақытты бала" жобасы аясында 7 класстар аралығында "Былғары доп" жарысы өтті. Өткізген: Б.Ахметов

                

Аудандық 5-6 класс оқушылары арасында өткізген "Математика-логика" интеллектуалдық олимпиадасында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары Зейнелгабдин Нұрсұлтан І орын, Кусейн Даир ІІ орынға ие болды. 

        

"Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде қатысып, ақынның мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Байманова Әсел ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Қойшыгулова Б.

     

№3 Алға қазақ орта мектебі бойынша "Бақытты бала" жобасы аясында "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай өткізілген іс-шаралар

         

№3 Алға қазақ орта мектебі бойынша "Бақытты бала" жобасы аясында "1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай 5-10 класс аралығында "Әрқашан достық болсын!" тақырыбында конкурстық байқау өтті.

     

Физика-информатика бірлестігінің ұйымдасытылуымен жас мамандар арсында өткен "Ой мен ойын" интеллектуалды сайысы сәтінен.

                 

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясында 23 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет" тақырыбында 9-11 класс оқушыларымен әңгімелесу және "Дабыл!" қағылғандағы практикалық жаттығулар өткізілді.


19 сәуір күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Бақытты бала" жобасы және "Жас ұланның жарқын қадамы" акциясы аясында "Мектеп аруы-2018" байқауы өтті. Байқауға 8-10 класс аралығынан 12 қыз қатысып, байқау барысында аруларымыз қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері арқылы ұяңдылық, инабаттылығы мен икемділік қабілеттерін көрсете білді. Нәтижесінде өз шеберлігімен "Мектеп аруы-2018" иегері Избасар Аружан  болды.  

   

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған Алға аудан әкімінің жүлдесі үшін мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің арасындағы спартакиадада жалпы командалық есепте І орынға №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы ие болды. Мектеп командасына теледидар сертификаты табысталды

        

12 сәуір күні "Бақытты бала" жобасы аясында аудандық "Тарихи тағылымы мол білім ордасы" атты аудандық оқушылар слетінде өткізілген сайыстарда №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары эссе жазу  "Мен ғарышкер боламын" ІІІ орын - Алдиярова Гүлдана, сурет салу "Космонавтика әлемі" байқауынан І орын-Абдурахманов Өмір, "Ғарыш әлеміне саяхат" макет жасау өнер сайысынан ІІ орын-Бақберген Ришат, Робототехника байқауынан І орынға Туленов Жандаулет ие болды.

         

5-6 сәуір күндері аралығында "Қоа аққу" Әлия-Мәншүк атындағы "спорттық-патриоттық клубы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен спорттық-патриоттық клубының жүлдесі үшін бокстан қыздар арасында өткен І Облыстық турнирде №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Бекенова Ақтолғай І орынға ие болды.


11 сәуір күні "Электронды сот жүйесі", "Азаматтық процестік кодекс пен қылмыстық процестік кодекске енгізілген жаңашылдықтар", "Судья әдебі" тақырыбында Алға аудандық сотының судьясы Ушкебаев Ғалымжан Қуатбаевич №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушыларына түсіндірме-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.


Аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Досымханова келіп, 8-10 класс қыз балаларына "Қыз баланың әдебі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Алға аудандық  төтенше жағдайлар бөлімі және Алға ауданындағы №6 Өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен №3 Алға қазақ орта мектебінде өрт-тактикалық сабағы өтті. Оқу жаттығу жетекшісі Алға ауданындағы №6 Өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Б.У.Шаукебаев

Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастырылуымен Жаңартылған мазмұнды білім беру жағдайында "Үздік сабақ жоспары 2018"  облыстық байқауын кәсіби біліктілігін танытқандығы үшін І дәрежелі дипломмен мектебіміздің үстазы 


2018 жылдың 31 наурыз күні  4 Алға орта мектебінің негізінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен 10-11 класс оқушыларына арналған аудандық "ІІ Ұлы тарихи олимпиада" байқауында І дәрежелі дипломмен №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Жақыпжанова Айбану марапатталды.

        

  

Ақтөбе қаласында өткен  І Республикалық "Қазақстан таланттары" Рухани-патриоттық байқауында мектебіміздің мұғалімі  Сағынғанова Гүлназия Сапарқызы Қазақстан Республикасының "Өнер саласының үздігі" төс белгісімен марапатталды. 

  

І Республикалық балалар мен жасөспірімге арналған "Жас талант"байқауында "Вокал" номинациясы бойынша өнер көрсетіп  Узбекбаева Айман мен Шолпан ГРАН-ПРИ иегері болды. Жетекшісі: Сагынганова Гүлназя 


Халықаралық "Аққанат" фестивальда үздік өнер көрсетіп І дәрежелі дипломмен №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары марапатталды.


№3 Алға қазақ орта мектебінің Наурыз тойын тойлау сәтінен...


№3 Алға қазақ орта мектебінде 9-10-11 кластар арасында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты Наурыз мерекесін тойлау сәтінен.


№3 Алға қазақ орта мектебінде физика-информатика бірлестігінің онкүндігі аясында робототехника курсынан 8 класс оқушылары арасында "Менің алғашқы роботым" атты жоба қорғау шарасы өтті. Ұйымдастырған: Г.Байбөлек, М.Казбаганбетова


Бүгін, 21 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде  "Бақытты бала" жобасының аясында "Бар мейірім балаға" атты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында 151 балаға арналған мерекелік ісшара ұйымдастырылып, балаларға ұлттық нақыштағы  ән-бимен әрленген мерекелік концертқойылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкер Уралбаева Гүлнардың демеушілігімен  балаларға наурыз көже асылып, ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылды. 


№3 Алға қазақ орта мектебінде 5-6 кластар аралығында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты Наурыз мерекесін тойлау сәтінен.


№3 Алға қазақ орта мектебінде физика-информатика онкүндігінің аясында 7-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған "Тәжірибелер шеруі" атты қызықты тәжірибелер көрсетуден сайыс. Өткізген: Толжан Г.


№3 Алға қазақ орта мектебінің 1-4 кластар аралығында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты Наурыз мерекесін тойлау сәтінен.


Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша №3 Алға қазақ орта мектебінің командасы "Үздік жалпы білім беру ұйымы" номинациясы бойынша 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медалімен ІІІ орынды иеленді. Олимпиада жеңімпаздары, мектеп мақтаныштары Жұмабаева Айгүл, Жангазина Ақдана, Сейілханова Нұрбақыт және Иманбаева Ақнұр.


Бүгін №3 Алға қазақ орта мектебінде Наурыз мейрамын тойлау барысында белгіленген "Өнеге күніне" арналған мерекелік іс шара өтті. Мерекеге Алға қаласының әкімі Н.Е.Сурбаев, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Ж.Қонжарұлы, мектеп директоры Г.А.Есенова, басқа да ардагер ұстаздар  қатысып, барша жиналған қауымды Жыл басы - Наурыз мейрамымен құттықтады. Әсем ән  мен мың бұралған бишілер өнеріне қоса, қазақтың ұлттық ойындары да ойналды. 


14 Наурыз күні "Цифрлы Қазақстан" физика-информатика онкүндігі аясында 6 кластар арасында "Инфобілгірлдер" интеллектуалды ойыны өткізілді. Ұйымдастырушылар: Ш.Курманова, Г.Байбөлек


15 наурыз күні "Цифрлы Қазақстан" атты физика-информатика онкүндігі аясында "Цифрлы технология заман талабы" атты 7-8 кластар арасында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы: Ш.Құрманова, М.Казбаганбетова


№3 Алға қазақ орта мектебінде "Цифрлы Қазақстан бағдарламасының" - экономика салаларына йифрлы технологияны енгізу атты екінші бағытын іске асыру мақсатында жоспарланған физика-информатика пән бірлестігінің  "Цифрлы Қазақстан"онкүндігі аясында "Бақытты бала" акциясын қолдау мақсатында өткізілген "Цифрлы технология заман талабы" атты дөңгелек үстелге бүгін, наурыз айының 15 күні "Хабар-24" телеарна тілшілері келіп, видеосюжет түсірілді.  Сюжет барысында "Робототехника" элективті курсының жүйелі жүргізілуі туралы информатика пән мұғалімі Байбөлек Гүлнұр мектепішілік, аудандық сайыстардың жеңімпазы  8 "А" класс оқушысы Советов Құдірет сұхбат беріп, аудан көлемінде өткен "Үздік робот моделі" сайысында "үздік" деп танылған 8 "А" класс оқушысы Туленов Жандаулет өз жобасымен таныстырды.  


Республикалық І.Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде қатысып, қазақ халқының рухани мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін №3 Алға қазақ орта мектебінің 10 "А" класс оқушысы Қабиева Мөлдір жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Н.Қ.Жанабекова


Наурыз айының 13 жұлдызында "Learning three languages is the demand of time" атты ағылшын онкүндігі аясында "We love English" тақырыбында 9-10 кластар аралығында сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Ұйымдастырушылар: А.Тлеубаева, А.Шуйтбаева


"Оқытудың белсенді әдістері білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам" тақырыбындағы облыстық әдістемелік жоба байқауында іс-тәжірибесін шығармашылықпен және кәсіби біліктілігін көрсетіп №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері жүлделі орындарға ие болды


География пәні мұғалімдерінің арасындағы облыстық пәндік олимпиадада №3 Алға қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімдері Жетибаева Қ., Алманиязова Г. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


№3 Алға қазақ орта мектебінің "Амал мерекесін" тойлау сәтінен.


Физика-математика онкүндігіне орай физика пәнінен 10-11 кластар арасында ұйымдастырылған "Қызық екен" атты интеллектуалды ойыны. Өткізген: Толжан Г., Казбаганбетова М.


13 наурыз күні Студенттер сарайында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өткізілді. Алға ауданының командасы "Үздік олимпиадалық команда" атанды. Ал біздің №3 Алға қазақ орта мектебі "Үздік жалпы білім беру ұйымы" номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды.


12 наурыз күні физика-информатика бірлестіктерінің "Цифрлы Қазақстан" атты онкүндігінің ашылу сәтінен...


Аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2018 жылғы №10 санында №3 Алға қазақ орта мектебінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларда қол жеткізген жетістіктері мен 2012 жылдан бері осы білім ордасында басшылық етіп келе жатқан Г.А.Есеновамен сұхбат жарық көрді.


"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының көркемсурет бөлімдерінің және орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілердің облыстық сайысында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Мүбарак Нұрхан ІІІ дәрежелі дипломмен, Тұрдықылыш Айдана, Абдурахманов Өмір, Бақытжан Алина сертификатпен марапатталды. 


Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңінде (аудандық) жүлделі орынға ие болған оқушыларды марапаттау сәтінен...


8 Наурыз мерекесі қарсаңында №3 Алға қазақ орта мектебінің директоры Есенова Гүлмира Абдигалиевна Алға ауданының әкімі Н.Алдияровтың алғыс хатымен және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мурсенова Гүлсезім Маратқызы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!


7 Наурыз күні 2018 жылғы мектеп бітіруші түлектердің ұйымдастыруымен "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты мектеп ұжымындағы әйелдер қауымы мен ата-аналарға арналған мерекелік бағдарлама өтті

"8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай мектебіміздің 6 "А" класс жетекшісі Құлжанова Әлия Бағдатқызының ұйымдастыруымен "Мен әлемдегі ең керемет ананың перзентімін" атты тамаша мерекелік кеш өтті. Кеш барысында ер балалар жырдан шашу шашып, өз өнерлерін паш ете отырып, ата-аналарға косметолог, дәрігер, аспазшының кеңестерін айтып, кешке жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Наурыз айының 5 жұлдызында №3 Алға қазақ орта мектебінде "Learning three languages is the demand of time" атты ағылшын онкүндігі аясында "Do you English well" тақырыбында 8 кластар арасында сыныптан тыс шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: Э.Алимкулова, А.Шүйтбаева


Аудан әкімінің жүлдесі үшін Алға ауданындағы мекемелер мен ұйым қызметкерлері арасындағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған спартакиадада №3Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері финалға жолдама алды. Сәттілік!

  

2 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде "Рухани жаңғыру тетігі-тіл" онкүндігі аясында "Шамшырақ" жас ұстаздар мектебінің мүшелерімен "100 кітап" жобасына орай Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы бойынша әдеби-танымдық кеш өткізілді. Жастарымыз рухани дүниемен сусындап, ұтқыр ойларын ортаға салды. Шығарманы сахнада шебер сомдай білді.

  

1 наурыз күні №3 Алға қазақ орта мектебінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан Халқына Жолдауы негізінде "Еркін елдің болашағы фундаментальді білім мен дамыған ғылым еншісінде" тақырыбында 10-11 кластар аралығында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы: С.Шудабаева


"Барлық әлем мен үшін!" онкүндік аясында "Мен үйдемін, мен мектептемін, мен достар арасындамын" атты психологиялық тренинг өткізілді 



Астана қаласының 20 жылдығына арналған "Астана-ғылым мен білім ордасы" облыстық педагогикалық эссе байқауында №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Койшыгулова Бактыгул Жумабековна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


№3 Алға қазақ орта мектебінде 2018 жылдың 20 ақпан-5 наурыз күндері аралығында жоспарланған "Барлық әлем мен үшін!" онкүндік аясында 10 кластар аралығында "Менің ең қымбат нәрсем-өмір" атты дөңгелек үстел өткізілді.

 

"Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру  орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен баскетболдан "Алтын доп" ұлттық лигасының облыстық кезеңінде №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары Амангелді А., Тлегенова Н., Кубегенова Ш. ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушы: Соколов Ш.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдері арасындағы облыстық пәндік олимпиадада № 3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері Улыкпанова Ғ., Апуова Ш. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Ақпан айының 27 жұлдызында "Learn three languages is the demand of time" атты ағылшын онкүндігі аясында "Merry school" тақырыбында 2 кластар аралығында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.

  
m/p>

27 ақпан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №173 жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, яғни 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып жарияланды. Осыған орай "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Мейірімді жүрек" атты ризашылық концерті өтті. Концерт аясында жетім және ААҚҚ балаларға қорған болып отырған 5 қамқоршы ата-анаға алғыс хат табысталды.

   

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілген аудандық "Екі жұлдыз" музыкалық байқауында №3 Алға қазақ орта мектебінің "Жігіттер" дуэті (Оразалин Дулат, Узбеков Байрам) жүлделі І орынға ие болды.

  

26 ақпан күні ағылшын тілі бірлестігінің "A new language a new life" атты онкүндігінің ашылу сәтінен...

  

"№3 Алға қазақ орта мектебінің кубогы-2018ж" аудандық жайдарман ойынындағы нәтиже бойынша І орын - №3 Алға қазақ орта мектебінің "Алғырлар" құрама командасы; ІІ орын - Алға индустриялық техникалық колледжінің студенттері "5 қазақ"; ІІІ орын-№3 Алға қазақ орта мектебінің "Менің сүйікті командам" ие болды.

  

Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Избасарова Фарида Жонысовна жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту семинары барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді

 

Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "саналы азамат" бағытын іске асыру мақсатында өткен ІІ облыстық "Біздің қолымыздан бәрі келеді!" атты көркемдік және сәндік-қолданбалы өнері фестиваль-конкурсында  "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер" номинациясымен №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушысы Дүйсенбай Азамат ІІ дәрежелі диплом, "көркем сөз" номинациясымен  Тайгужина Айсұлу ІІ дәрежелі дипломмен, "вокал" номинациясымен Ауданбай Ақниет ІІІ дәрежелі дипломмен және Алиева Жансая мақтау қағазымен марапатталды.
 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының мұғалімдері мен оқушыларына арналған "Зияткерлік бастама ХХІ" атты зияткерлік-шығармашылық марафонының "Жаңа оқулық, жаңа сабақ" байқауының қорытындысы бойынша №3 Алға қазақ орта мектебінің бейнелеу пәнінің мұғалімі Бекенова Алима ІІІ дәрежелі дипломмен, оқушысы Абдурахманов Өмір І орын және Мүбарак Нұрхан, Зиуаддинова Саера сертификатпен марапатталды.


"№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Рухани жаңғыру тетігі - тіл" атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген 6 бағыт негізінде "Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" кезеңдеріне шолу, 19 ақпанда бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстыру үшін ұстаздармен ой бөлісу, пікірлесу оқушылармен танымдық сағат өткізілді

 

"№3 Алға қазақ орта мектебі " КММ-де "Рухани жаңғыру тетігі-тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында 8-11 кластар аралығында шешендік сөздің құдіретін таныту мақсатында "Бабалар сөзі" атты шешендік өнер сағаты өтті


Қыстың соңғы күндерінде тойланатын Христиан дінінің өте ұлы "Масленица" мерекесін тойлау кезінен...

2018 жылы 20 ақпанда "№3 қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп медбикесі Б.Жұмағазиева кезекті 16 жастағы АДСМ екпесін берді. 


Аудандық "Роботтың үздік моделі" тақырыбындағы байқауда ғылыми-зерттеушілік қабілеті мен ізденімпаздығын танытқаны үшін "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-нің 8 А класс оқушысы Төленов Жандәулет 1 орынға ие болды.



2018 жылы 19 ақпанда "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Латын әліпбиіне көшу - болашақтың бағдары" танымдық-интеллектуалдық сағаты өтті. Мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген 6-бағыт "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" кезеңдеріне, қағидаларына шолу, латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді таныстыру, ой бөлісу, пікірлесу.


Астана қаласындағы "Шабыт" білім беру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Бағдаршам" балалар суреттерінің Республикалық интернет-байқауына қатысып, "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-нің оқушылары Ахмет Нұргүл - 2 орын, Байнурова Меруерт - 3 орын дипломымен марапатталды.


16 ақпан күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
"Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабымен таныстыру мақсатында барлық класстарда ашық класс сағаттары өтті.

"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында 7 класстар аралығында М.Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі 
бойынша оқырмаңдар конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар: Изтлеуова Г.Б., Ибраева А.А.


16 ақпан күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8 класстар аралығында "Ұлттық салт-дәстүр" тақырыбыңда сайыс өткізілді. Сайыста: I орын - 8"А", II орын - 8"В", III орын - 8"Б" ие болды. Сайысқа белсеңе қатысқан 8"Ә" классына рахмет! 


"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында 7,8,9 класстар аралығында  "Презентация байқауы" өтті. 
Ұйымдастырушы: Н.Ә.Мунайтбасова, Б.Ж.Койшыгулова 



15 ақпан күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен, мектеп медбикелері

 Б.О.Жұмағазиева мен Ү.А. Ирлашованың қатысуымен "Құтырма аурыуның алдын-алу мақсатында" дөңгелек үстел өткізілді. 


"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" атты қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында 9 класстар арасында "Тарихынды зерделе" тақырыбыңда 

әдеби-танымдық кеш өтті. Ұйымдастырушы: Сисекенова Б.У., Байбатыр К.Р.


"№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ бойынша 9-12 ақпан аралығында Орынбор облысы, Ақбұлақ қаласында өткен еркін күрестен облыстық ашық турнирде:

1. Смағұлов Бекнұр - 3 орын; 2. Орынбай Артур - 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз! "


"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің ашылуы.


9 ақпан күні "№3 Алға қазақ орта мектебі" КММ-де Алғыс айту күніне орай "Шын жүректен..." флешмоб сайысы өткізілді.

Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған, жыр жампозы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Есіңе мені алмайсың" атты сазды кеш. 

Ұйымдастырушы: 10 класс оқушылары және қазақ тілі пәні мұғалімдері.


"Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Отбасылық құндылықтар",

 "Адами қарым-қатынастар әлемі"  тақырыбыңда сыныптан тыс жұмыстар өтті.
































"Кітап - білім бұлағы" кітапхана көрмесі


"Туған жер" бағдарламасы аясында оқушы бойында жалпыұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өлкеміздің киелі орындарын таныстыру негізінде Есет Батыр кешеніне мектеп оқушыларымен экскурсия ұйымдастырылды. Жетекшісі: Куленкеев Ж.


15 қаңтар күні тарих бірлестігінің онкүндігі аясында оқушылардың шығармашылығын дамыту, зияткерлігін тану мақсатында "Жыл оқушысы-2018" интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Сайыста алғырлығымен ерекшеленген 11"Б" класс оқушысы Жұмағалиева Мөлдір "Жыл оқушысы-2018" жүлделі орнына ие болды.



       №3 Алға қазақ орта мектебінде "Екі езу" театрының өнерпаздарының  қатысуымен 1-4 класс оқушыларына "Қош келдің, Жаңа жыл" атты әсем шырша жанында тамаша ертеңгілігі өтті.

           

  
              

            Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні №3 Алға қазақ орта мектебінде Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастамасымен "Балаларға қуаныш сыйла"              акциясы негізінде мектебіміздің жекелеген санаттарына жататын, яғни аз қамтылған, көп балалы, қамқоршылықтағы балаларға "Қош келдің, Жаңа жыл!"              ертеңгілігі өтіп, жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Мектептің 138 оқушысына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, демеушілік жасаған Алға қалалық әкімдігі                  ұжымы, Алға өнер мектебі ұжымы, аудандық білім бөлімі ұжымы, №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымы мен кәсіпкер Г.Уралбаеваға алғыс білдіреміз.

          

          

                    

              "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" атты концерттік бағдарлама өткізілді.

               

            №3 Алға қазақ орта мектебінде "Жас Ұлан" ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі #Біз#тәуелсіз#елдің#ұланымыз

                 

                Дене шынықтыру бірлестігінің онкүндігінде жас мамандармен өткізілген "Көңілді ұстаздар" спорттық сайысы.

                     

             "Мектеп аруы-2017" мектепішілік байқауы

                      

                В.И.Пацаев атындағы 2 Алға орта мектеп базасында ұйымдастырылған аудандық "Үздік Ұланбасы 2017" байқауына мектебіміздің Ұланбасы және                            министрлері қатысты

                            

                     6 сәуір күні мектебімізде "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бойынша Қалмағамбетов Жолдас Нұрланұлы-Діни істер басқармасы басшысы,                           Жұбанышев Али Тыныштықұлы мен Тобылбаев Еркін Теміржанұлы-Дінтану пәні мұғалімдерімен кездесу кеші өтті.

                            

                          Интербелсенді әдістеме-өзара әрекеттесу мен әрекет ету арқылы үйрену/үйрету тақырыбында "Даму" желілік қауымдастығы апталығының                                       ашылу сәті.

                             

                     31 наурыз күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №2 Алға орта мектебі базасында география пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуының деңгейін                                     арттыру және үздік маманды анықтау мақсатында "Үздік географ-2017" фестивалі ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша І жүлделі                               орынды мектебіміздің мұғалімі Алманиязова Гүлімхан иеленді.

                             

                      Ақтөбе қаласында өткен дәстүрлі Әділет пікірталас орталығының "ADILET CUP" кубогі "Білімді жастар ел ертеңі" атты республикалық турнирі.

                             

                Ағымдағы жылдың 5-сәуір күні Алға ауданындағы жұмыс сапары барысында мектебімізге облыс әкімі                                        Б.Сапарбаев келіп, жаңа модификация кабинеттері, лингофон, мультимедия кабинеттерінде робототехника                                  жұмысымен танысты.

              


28-наурыз күні мектебімізде жас мамандар арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті.


Мектебіміздің мақтаныштары


Ah2 style="text-align: center;">2017 жылы 14-17 наурыз аралығында Щучье қаласында өткен жас зерттеушілер, 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" Республикалық конкурсына 4 "Б" сынып оқушылары Жұмағалиев Берік, Жұмағалиев Серік қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломға ие болды.


Мектебіміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және "Ұстаздар күні" мерекесі аясында ұйымдастырылған аудандық спартакиадасында жалпы командалық есепте жүлделі І орынға ие болды.



2016 жылы мектебіміз облыстағы "ең үздік білім беру мекемесі" атанып 
Ақтөбе облысы әкімінің 19000000 (он тоғыз миллион) тенге көлеміндегі грантқа ие болды.

*** Физика-информатика бірлестігінің онкүндігінде жас мамандармен өткізілген "Кім? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойыны







1-7 класс оқушылар арасында "Зерде" ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңінен көрініс. Байқауға 8 оқушы қатысып 4 оқушы аудандық кезеңіне жолдама алды. Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз.

 

Дене шынықтыру бірлестігі апталығының жұмыс жоспары және ашылу салтанаты.